13.09.2018, 17:30 7600

Алматы әкімі қаланыӊ жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструкциялаудағы құрылыс жұмыстарыныӊ сапасын тексерді

Еске салсақ, биылғы жылы Алматыда реконструкция аясында қаланыӊ бірқатар даӊғылдарында жаяу жүргінші кеӊістігі кеӊейді. Асфальттыӊ орнына кеспе тастар төселді.

Алматы. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструкциялаудағы құрылыс жұмыстарыныӊ қарқыны мен сапасын тексерді. Мегаполис басшысы қаланыӊ бірқатар даӊғылдары мен көшелерін аралап шығып, мердігерлік ұйымдар басшыларына нақтылы ескертулер жасады.

Жұмыс сапары барысында қала басшысы Абылай хан даӊғылына қайта жасау жұмыстарын жүргізген "Элитстрой" құрылыс компаниясыныӊ еншілес ұйымын қатаӊ сынға алды.

"Белгіленген мерзім былай тұрсын, бірде -бір учаскеде жұмыс сапалы атқарылмаған.Кеспе тастар иіріліп төселінген, тротуарлар мен қозғалыс аймағы түйіспейді. Ал "Алматы 2" теміржол вокзалыныӊ айналасын екі ай бойына реттей алмай келесіӊдер. Қауіпсіздік бөлігі жасалмаған, судан арылту қарастырылмаған. Жастар театры алдындағы жұмысты маусым айына бастасаӊдар да күні бүгінге дейін аяқтаған жоқсыӊдар. Сендер өздеріӊ өз компанияларыӊныӊ беделіне нұсқан келтірудесіӊдер. Кемшіліктерді түзетуге екі ай мерзім беремін", - деді ол компания директоры Алексей Балаганскийге.

Олай етпеген жағдайда бұл ұйым жауапсыз компаниялар тізіміне енетін болады.

Қала басшысы атап өткендей, құрылысты ұйымдастыру жұмыстары да сын көтермейді. Жаяу жүргіншілер мен көліктердіӊ қауіпсіз қозғалуы үшін қарапайым жағдайлар жасалмаған.

"Жерді қазған кезде адамдар қалай жүреді деп ойлау керек қой. Алдымен жағдай жасау қажет. Міне, мына жерде газ желілері ауыстырылған, троутардағы ескі құбырлар әлі күнге дейін алынбаған", - деп сын айтты Бауыржан Байбек Абылай хан даӊғылын Құрманғазы көшесінен төмен учаскеде аралаған кезде.

Ол мердігерлердіӊ назарын көп жерлерде газонныӊ бордюр деӊгейінен жоғары тұрғанына да аударды.


"Арықтардыӊ жиегіне рулонды газондар төселіпті. Сапасыз жасалғандықтан ол қазірдіӊ өзінде құлап жатыр, ал қар тазалағанда не болмақ. Бұлардыӊ барлығын қайта жасайсыӊдар. Учаскелердіӊ көбінде олар бордюрден жоғары тұр. Ертеӊ лайдыӊ барлығы тротуарлар мен арықтарға жайылады ғой", - деп реніш білдірді қала әкімі.

Қаланыӊ Құрылыс басқармасыныӊ басшысы Нұрбол Нұрсағатов даӊғылды жаӊғырту кезінде жіберілген олқылықтардыӊ толық жөнделгенін, ал компанияға кемшіліктерді түзету туралы ескертпе берілгенін айтты. Ескертпелер орындалмаса тиісті айыппұл санкциялары салынады.

"Жұмыс әлі қабылданған жоқ. Демек, барлық кемшіліктер жойылып, жоба толық көлемінде сапалы атқарылмайынша жұмысқа ақы төленбейтіні белгілі" - деді ол.


Бұрындары Бауыржан Байбек Республика Сарайы алдындағы Абай алаӊына тротуар плиткасын төсеуде жіберлген кемшіліктерді түзетуді тапсырған болатын. "ТРИА Холдинг" мердігерлік ұйымыныӊ басшысы Михаил Чикаев компанияныӊ барлық олқылықтарды орнын толтыратынын айтты.Оныӊ үстіне жұмыс қала тұрғындарына қолайсыздық тудырмайтындай етіп ұйымдастырылған.

Еске салсақ, биылғы жылы Алматыда реконструкция аясында қаланыӊ бірқатар даӊғылдарында жаяу жүргінші кеӊістігі кеӊейді. Асфальттыӊ орнына кеспе тастар төселді. Диодты жарық көздері, жаӊа бағдаршамдар орнатылып, жаӊа фонтандар салынды. Ғимараттардыӊ сырты мен кіре берістері жаӊарды. Қазан айында жаӊарған даӊғылдарға жасыл желектер мен ағаштар отырғызылады.

Жалпы, Алматыда 524 көше жөнделді,1400 ескі аулалар жаӊарды. 300 км арықтар салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желілер тартылды.

Қаланыӊ барлық өтпелі жолдары жаӊарды. Жыл аяғына дейін қаланыӊ барлық жарық көздерініӊ үштен бірі жарық жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны