29.12.2017, 18:01 7021

Алматы әкімі құлағы нашар еститіндердіӊ Халықаралық спорт комитетініӊ басшысымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек құлағы нашар еститіндердіӊ Халықаралық спорт комитетініӊ президенті Валерий Рухледевпен кездесті. Тараптар қалада 2019 жылы қысқы XIX Сурдлимпиада ойындарын өткізу мүмкіндіктерін талқылады

Алматы. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек құлағы нашар еститіндердіӊ Халықаралық спорт комитетініӊ президенті Валерий Рухледевпен кездесті. Тараптар қалада 2019 жылы қысқы XIX Сурдлимпиада ойындарын өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Лозаннадан делегациямен бірге келген Валерий Рухледев қалада қысқы спорт түрлері, соныӊ ішінде Сурдлимпиада ойындарын өткізу бойынша қажетті инфрақұрылымдардыӊ бар екенін және сол арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды бұқаралық спортқа кеӊінен тартуға болатындығын айтты.

"Біз Алматы қаласында салынған тамаша спорт инфрақұрылымымен таныстық. Нысандардыӊ сәулеті және заманауи стандартқа сай жабдықталғаны ғана емес, обьектілердіӊ ішін толтырған белсенді спорттық өмір де тәнті етті. Біз керлинг пен тау шаӊығысы бойынша өткен республикалық жарыстарды, балалардыӊ мәнерлеп сырғанау мен хоккей ойнау барысындағы жаттығуларын, сонымен қатар коньки мен шаӊғыдан жаппай сырғанау сияқты шараларды көрдік. Осыныӊ барлығы және өте жоғары деӊгейде өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада бүгінгі күні Алматыныӊ әлемдік қысқы спорт орталығы екенін дәлелдейді", - деп атап өтті ол.

Оныӊ айтуынша, Сурдлимпиадалар ойын өтетін қалалардыӊ қоғамдық кеӊістігін жасқартады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үші арнайы пандустар, лифт, тротуарлар, бағдаршамдар пайда болады немесе бұрыннан барлары қайта жаӊғырады, арнайы белгілер, визуалды көрсеткіштер және көптеген басқалары орнатылады.

"Құлағы нашар еститіндердіӊ Халықаралық спорт комитетініӊ құрылғанына 94 жыл ішінде қысқы Сурдлимпиада ойындары Азия континентінде бірде-бір рет өтпеген екен. Көп жылдық тәжірибеден байқағанымыз, Сурдлимпиада ойындары өткен соӊ мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ бойында денешынықтыру мен спортқа деген белсенділік арта түседі. Ойындар олардыӊ ерік-жігерін, әлеуметтік өмірге деген қызығушылығын арттырады. Алматыдан өтінім түскен жоқ, бірақ біз қаланы осы ойындардыӊ болып қалуы мүмкін астанасы санаймыз", - деп толықтырды ол өзініӊ сөзін.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде қалада 44,1 мыӊ мүгедек тұрады, олардыӊ 5-мыӊға жуығы құлағы нашар еститіндер. 2017 жылы мүгедектерге әлеуметтік көмек ретінде 4,1 млрд. теӊге бөлінді

Сурдлимпиада ойындары - құлағы саӊырау адамдардыӊ спорттық жарысы, құлағы нашар еститіндердіӊ алғашқы Бүкіләлемдік ойындары 1924 жылы Парижде өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны