26.06.2009, 17:01 2848

Алматы әкімі мемлекет қаржысына салынған тұрғын үйлерді алданған үлескерлерге сатуды ұсынады

Алматы әкімі Ахметжан Есімов мемлекет қаржысына салынған тұрғын үйлерді алданған үлескерлерге сатуды ұсынады. "Біз ең алдымен алданған үлескерлердің мәселесін шешу үшін ұсыныс енгізбекшіміз. Оларды әрине, мемлекет емес, нақты адамдар алдады, осы жөнінде сот шешімдері бар, бірақ одан жағдай жақсарған жоқ", - деді Ахметжан Есімов.

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі Ахметжан Есімов мемлекет қаржысына салынған тұрғын үйлерді алданған үлескерлерге сатуды ұсынады. Бұл туралы ол кеше журналистермен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз алдымен алданған үлескерлердің мәселесін шешу үшін ұсыныс енгізбекшіміз. Оларды әрине, мемлекет емес, нақты адамдар алдады, осы жөнінде сот шешімдері бар, бірақ одан жағдай жақсарған жоқ", - деді Ахметжан Есімов.

"Бізге былтыр үкіметтің қаулысымен бөлінген 10 млрд теңге бойынша біз құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. "Жетісу" кешенін қыркүйек айында, "Меркур Град" кешенін қазанда бітіруге уәде беруде. Бұл нысанның үлескерлері пәтерлерін алатыны түсінікті, сонымен қатар бізде сататын бос пәтерлер пайда болады", -деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны