13.04.2018, 17:28 8875

Алматы әкімі православ және католик шіркеулерініӊ дінбасыларымен кездесті

Айта кетерлігі, қазіргі кезде Қазақстан халқы ассамблеясына Алматы қаласы бойынша 34 этномәдени бірлестіктер кіреді, этникалық БАҚ шығып тұрады, бірнеше ұлттық театрлар бар, 13 жексенбілік мектеп ана тілін оқыту бойынша нақтылы жұмыстар жүргізуде.

Алматы. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан және Астана митрополиті Александрмен, сонымен қатар епископ Джузеппе Фавале бастаған Конверсано және Монополи епархиясыныӊ делегациясымен кездесті. Кездесу барысында діни және ұлтаралық келісім, қаланыӊ этномәдени бірлестіктерін қолдау мен ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

"Біз бұл жерден шынайы толеранттықты, Қазақстан жерінде жоғары бағаланатын барлық конфессиялардыӊ бейбіт және әлеуметтік өмірін көрдік. Мен Алматы сынды әсем қаланы, әлемніӊ әр бұрышынан адамдар қуана келетін осындай қонақжай мекенді, Қазақстанды, біз бүгін көрген бай ұлттық мұра мен ғажап табиғатты барынша көп жандардыӊ білгенінен қалаймын", - деп атап өтті епископ Джузеппе Фавале.

Ол Қазақстанныӊ түрлі ұлттар мен түрлі діни сенімдерді айналасына шоғырландырғанын айтты. Өзініӊ сөзінде ол бай тарихи киелі жерде бейбітшілікті сақтауда, өзара ынтымақтастықты қалыптастыруда осындай өнегелі жұмыстарды одан әрі жалғастыра беру керектігін жеткізді.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде Қазақстан халқы ассамблеясына Алматы қаласы бойынша 34 этномәдени бірлестіктер кіреді, этникалық БАҚ шығып тұрады, бірнеше ұлттық театрлар бар, 13 жексенбілік мектеп ана тілін оқыту бойынша нақтылы жұмыстар жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны