10.05.2018, 19:50 7749

Алматы әкімі Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерін мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады

Мемлекет басшысыныӊ тапсыруы бойынша Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Идіш Ибдірайымовты мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады.

Алматы. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерін мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысыныӊ тапсыруы бойынша Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Идіш Ибдірайымовты мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады.

Идіш атаныӊ өзі айтқандай, ол 1918 жылы 9 мамырда туған. 1938 жылы Харьков фармацевтика институтына түседі, ал 1941 жылы Оӊтүстік-Шығыс майданы 173-ші атқыштар дивизиясыныӊ жауынгері атанады.

Бергедорфте тұтқын болу және Нойенгамме концлагерінде болу қиыншылықтарын бастан өткерген Идіш Ибдірайымов үйіне тек 1947 жылы оралады.

1952 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін "биолог" мамандығы бойынша бітіріп шығады. Оқудан соӊ тәжірибе станциясыныӊ зертхана меӊгерушісі болады және Оӊтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Мақтаарал ауданында мақтаныӊ жаӊа сұрыптарын шығарумен айналысады.

Бүгінгі күні Идіш атаныӊ төрт баласы, үш немересі және бір шөбересі бар.

"Мен барлықтарыӊызды бүгінгі ерекше мерекемен құттықтаймын. Жер бетіндегі барлық адамдарға денсаулық, бақыт және өзара түсіністік тілеймін. Еӊ бастысы - аспанымыз ашық, адамдар бақытты ғұмыр кешуде. Қазіргі кезде Елбасымен бірге біздіӊ халқымыз өзара достық пен келісімде бейбіт өмір сүруде. Қазақстан әрқашан гүлдене берсін, сіздердіӊ ұрпақ соғыс пен оныӊ зардабын ешқашан көрмесін және тартпасын", - деп атап өтті Идіш Ибдірайымов.

Еске салсақ, Алматыда мемлекет басшысы құрметті қарауылмен бірге Даӊқ мемориалы жанындағы мәӊгілік алауға гүл шоқтарын қойды және бір минут үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алды.

Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлерімен және тыл еӊбеккерлерімен кездесті, олардыӊ арасында Идіш Ибдірайымов та болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны