31.10.2006, 17:12 6167

Алматы әуежайына арнап жабдықтар сату жөніндегі байқауда тиімсіз ұсыныстар жасаған компания жеңіске жетті - газет

Алматы әуежайына арнап жабдықтар сату жөніндегі байқауда тиімсіз ұсыныстар жасаған компания жеңіске жетті - газет

АЛМАТЫ. 31-қазан. Kazakhstan Today. Алматы әуежайына арнап аэронавигациялық жабдықтар сату жөніндегі байқауда тиімсіз ұсыныстар жасаған компания жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Газета.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен сенбіде "Қазаэронавигация" РМК Алматы әуежайына арнап ұшу-қону жолағы мен аэронавигациялық жабдықтарды мемлекеттік сатып алуға бағытталған ашық байқаудың жеңімпаздарын жариялады. "Шамшырақтар үшін 4,8 млн., 5,3 млн. немесе 2,9 млн. евро төлеу туралы ұсыныстарды қарай келе байқау комиссиясы ең үнемді ұсынысқа назар аудармаған",- деп жазады мақала авторы.

Байқауға Германияның екі ("BAN 2000 GmbH" және "Airport and ATM consulting and service GmbH") және Норвегияның бір ("Park Air Systems") компаниясы қатысқан.

"Park Air Systems" компаниясы өз сұранымында 2, 919 млн. евроға жұмыстарды жарты жылда аяқтап шығуға міндеттеме алуға әзірлік танытқанымен, байқауда "BAN 2000 GmbH" компаниясы жеңіске жеткен. Соңғысы жұмыстарды 4, 485 млн. теңгеге 2007-жылдың 1-қазанына дейін бітіруге сұраным жасаған. Ал байқау құжаттарына сәйкес, "байқау комиссиясы жеңімпаз компанияны дауыс беру жолымен айқындайды және байқау құжаттарында көрсетілген критерйилерді ескеру негізінде ең төмен шартты бағаны таңдайды" делінген.

Агенттікке мәлім болғанындай, "BAN 2000 GmbH" компаниясының жылдық айналымы 3 млн. евроны құрайды. Онда жеті адам жұмыс істейді.

Ал "Park Air Systems" компаниясының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бұл компанияның жылдық айналымы 120 млн. долларға тең. "Park Air Systems" компаниясының өнімдері 168 елде пайдаланылады. Компанияның Англия мен Норвегиядағы кәсіпорындарында 400-ден астам қызметкер еңбек етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны