06.01.2009, 14:55 2764

Алматы әуежайында қазан айынан бері Нигерия азаматы тұрып жатыр - газет

Алматы әуежайында қазан айынан бері Нигерия азаматы тұрып жатыр - газет

Алматы. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әуежайында қазан айынан бері Нигерия азаматы тұрып жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Вечерний Алматы" газетіне сілтеме жасап.

"29 жастағы нигериялық Юсуф халықаралық төлқұжат бақылауы аймағында қазан айынан бері тұрып жатыр. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нигерия азаматының Қазақстанда болуға құқығы жоқ, оның тиісті құжаттары мен визасының уақыты әлдеқашан өтіп кеткен. Бірақ республиканың тиісті органдары оны елден шығара алмайды", - деп хабарлайды газет.

Басылымның мәліметінше, осыдан бірнеше ай бұрын Алматыдан Пекинге ұшып шыққан, "алайда Қытайда оған Алматы әуежайында екінші талонды беруді ұмытып кеткендіктен, оны әуежайға қайта қайтарған. Ал оның визасының мерзімі өтіп кеткен".

Сонымен бірге, хабарламаға сәйкес, Мәскеуде орналасқан Нигерия елшілігінен де Юсуфтың атына ештеңе келмеген. Осы уақыт ішінде ол әуежайдың шекаралық аймағында тұрып жзатыр, ал Қазақстандық шекарашылар оны тамақтандырып, жылы киіммен қамтамасыз етуде.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Нигерия азаматының Алматы әуежайында тұрып жатқанын растады. Ондағылардың мәліметінше, "барлық уәкілетті құрылымдар оқиғадан хабардар". "Ал шекарашыларда оны еліміздің аумағына кіргізуге құқықтық негізі жоқ", - деп түсіндіреді шекарашылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны