16.02.2007, 16:38 3178

Алматы басшылары облыстық балалар үйінің жерін тәркілуге қатысты бастапқы жоспарларынан бас тартты

Алматы басшылары облыстық балалар үйінің жерін тәркілуге қатысты бастапқы жоспарларынан бас тартты

АЛМАТЫ. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы басшылары Алматы облыстық № 1 балалар үйінің жерін тәркілуге қатысты бастапқы жоспарларынан бас тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Караван" апталығына сілтеме жасай отырып.

Басылымның ақпараттарына сүйенсек, "Алматыжер" директорының бірінші орынбасары Михаил Коржов сәулет және қала салу департаментінің директоры Сұлтан Баймағамбетовқа "жоғарыда көрсетілген аумақты тәркілеу аймағынан шығаруды және жер телімінің жаңа схемасын беруді..." өтінген хат жолдады. Дәл осындай хатты коммуналдық кәсіпорын балалар үйіне де жолдап отыр.

Шешімнің өзгертілуіне бұқаралық ақпарт құралдары мен Алматы облысының басшыларының араласыумен қол жетіп отыр. "Мен Коржовты "Алматыжерден" екі күн бойы таба алмадым. Соңында мен қорқытуға мәжбүр болдым. Өзімнің ресми адам екенімді айтып, егер ол осы мәселеге байланысты сөз бастамаса, оны кіре берісте аңдитындығымды айттым. Мені онымен сонан кейін ғана сөйлестірді. Ол бұл жағдайдың мүмкін еместігін және балалар үйіне ешкімнің тиіспейтіндігін айтты",- деді басылымға Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары журналистерге бұрындары облыстық балалар үйі үш учаскеден тұрғандығын, оның 9 гектар аумақты құрайтын айттып өтті. Бірақ, 2004 жылы Қарасай ауданының әкімі балалар мекемесінің осы учаскесін мемлекеттік қажеттілікті алға тартып тәркілеп алғандығын хабарлады. Қазір Алматы облыстық балалар үйі экономикалық сотқа шағым-арыз жазды, онда аудандық әкімнің жер телімін тәркілеу туралы қаулысының күшін жоюды өтінген.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Бағанашылдағы балалар үйі Алматы әкімшілігінің кәсіпорыны "Алматыжерден" жер телімін тәркілеу туралы хабарлама хат алған. Балалар мекемесінің басшылығы құжаттарды қабылдаудан бас тартып отыр, себебі балалар үйі ресми түрде Алматы облысы әкімшілігінің коммуналдық меншігіне жатады. Сондай-ақ, балалар үйінің жер учаскесінің қосалқы шаруашылық жүргізіліп отырған бөлігі ғана алынады, деп көрсеткен. Апталықтың ақпараттары бойынша, бұл учаскеде балалар көкөністер мен ағаш егуді, трактор айдауды үйренеді.

Апталық ақпараттарына сүйенсек, Алматы облыстық № 1 балалар үйінде 200 бала тәрбиеленуде. Балалар үйі БҰҰ Дамыту бағдарламасының миссиясымен Алматы апортын қайта қалпына келтіру бағдарламасы бойынша ынтымақтаста жұмыс істеуде. Балалар өз қолдарымен 20 мыңнан аса алма ағашын отырғызған.

Қазір балалар үйінің аумағы 2,5 гектарды құрайды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны