11.09.2018, 21:49 6876

Алматы қала күніне орай қалай безендірілуде?

"Сәлем, көршілер!" атты мәдени пикникке келушілер үшін Алматы таяу уақыттарда суретшілердіӊ тағы да қандай туындыларымен безендірілетінін туралы жаӊалықтардан хабардар болудыӊ бірегей сәті түсті. Мереке Тимирязев пен Шашкин көшелерініӊ қиылысында орын тепкен Достық саябағында болып, саябақ олардыӊ қолынан шыққан мәдени нысандарға толған.

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыдағы өмір кейінгі күндері барынша жанданып, жаӊадан орнатылған инсталляциялар көбейді. Осынау мәдени нысандар қала тұрғындарыныӊ қызығушылығын барынша тудырып отыр, деп хабарлайды "Вечерний Алматы" газеті.

"Сәлем, көршілер!" атты мәдени пикникке келушілер үшін Алматы таяу уақыттарда суретшілердіӊ тағы да қандай туындыларымен безендірілетінін туралы жаӊалықтардан хабардар болудыӊ бірегей сәті түсті. Мереке Тимирязев пен Шашкин көшелерініӊ қиылысында орын тепкен Достық саябағында болып, саябақ олардыӊ қолынан шыққан мәдени нысандарға толған. Олардыӊ кейбірі осынау жасыл аймақта қалатын болса, кейбіреуі кешікпей жаӊа орынжайға қоныс аудармақшы. Атап айтқанда, Тимирязев көшесінде түрлі-түсті ұлулар пайда болмақ.

Бұлардыӊ барлығы қыркүйек айында қала күнін мерекелеу аясында жоспарланған іс-шаралардыӊ бір ғана шағын бөлігі. Ауқымды мәдени бағдарлама енді ғана басталды. Өткен сенбіде KitapFest атты кітап фестивалі мен "Дәмді Алматы" атты гастрономиялық мереке сәттілікпен өткізілді. Екі оқиға өзара жақын жерде өткендіктен қала тұрғындары көптеп келіп, олар үшін жайлы жағдайда болып өтті. Жаӊадан шыққан кітаптармен танысып, пікірталастарға қатысқаннан кейін тағам фестиваліне қатысу, немесе алдымен асқазанныӊ, сосын сананыӊ аштығын еӊсеру мүмкіндігі туды.

Мәдени марафон одан әрі жалғасуда. Ертеӊ сағат 20.00-де Республика сарайыныӊ алдындағы алаӊда жұртшылықтыӊ сүйікті шарасы - Оркестрлер фестивалі өтеді және ол екі күнге созылады. Тағы бір музыка мерекесі бейсенбі күні Ықылас атындағы қазақ музыкалық аспаптары мұражайында өтеді. Бір сөзбен айтқанда, алда қызғылықты оқиғалар көп, еӊ бастысы, аӊдатпаларды жіберіп алмасаӊыздар болғаны.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны