22.08.2018, 21:59 9655

Алматы қаласы инженерлік желілерініӊ қайта өнделуі тамыз айыныӊ аяғында аяқталады

Алматы шаһарыныӊ әкімі Бауыржан Байбек жұмыс барысында қаланыӊ инженерлік коммуникацияларыныӊ жаӊарту қарқынын тексерді. Қазіргі кезде мегаполисте 12 шақырым жылу желілерініӊ жөндеу жұмыстары, қолданыстағы газ құбырларыныӊ кеӊейтілуі және, 120 мыӊнан астам тұрғынға арналған, жаӊа су құбырларыныӊ өткізілуі аяқталуда.

Алматы. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы шаһарыныӊ әкімі Бауыржан Байбек жұмыс барысында қаланыӊ инженерлік коммуникацияларыныӊ жаӊарту қарқынын тексерді. Қазіргі кезде мегаполисте 12 шақырым жылу желілерініӊ жөндеу жұмыстары, қолданыстағы газ құбырларыныӊ кеӊейтілуі және, 120 мыӊнан астам тұрғынға арналған, жаӊа су құбырларыныӊ өткізілуі аяқталуда.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Мақсут Исаховтыӊ айтуынша, жүргін бөліктегі инженерлік желілердіӊ қайта өнделуі айдын аяғында аяқталады, сонымен автокөліктердіӊ барлық учаскелерде кедергісіз жүруі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, қайта өндеу кезінде қала тұрғындарын үздіксіз ыстық сумен камтамасыз еткен, уақытша кестелерді бұзу және аумақты көріктендіру бойынша жұмыс жалғасады.

Биылғы жылы Төле би (Варламов - Өтеген батыр - Отарская және Розыбакиев - Тлендиев көш.), Бөгенбай батыр (Мұқанов - Айтиев көш.), Жамбыл (Пушкин - Назарбаев), Қазыбек би (Уалиханов - Абдуллин көш.), Қарасай батыр (Наурызбай батыр - Чайковский көш.), Чайковский (Қарасай батыр - Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы - Орталық стадион) көшелерінде инженерлік желілер жаӊартылды.

Соӊғы жылдары Алматы қаласында 800 шақты шақырым инженерлік желілер салынып, қайта өнделді. Оныӊ ішінде 313 шақырым су құбыры, 266 шақырым кәріз жүйесі, 15 шақырым электр құбырлары және 32,3 шақырым жылу құбырлары.


Ұзындығы 500-дей шақырымды құрайтын 524 көше және жаяу жүргіншілерге арналған, ұзындығы 100 шақырымды құрайтын жаяужол жөнделді. Алматыныӊ 3 787 аулаларынан 1 400-дей аула жаӊартылып, қайта өнделді. Барлық жерасты өткелілердіӊ күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Сонымен қатар, шаһардыӊ тарихи орталығыныӊ қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Былтыр Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Байсеитова көшелері және "Астана" алаӊы жаӊартылса, биыл Абай даӊғылы, Абылайхан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан көшелері, "Алматы-2" бекетініӊ аумағы және Республика Сарайыныӊ алдындағы алаӊ жөнделуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны