03.10.2018, 13:44 6817

Алматы қаласында "Тұлпар мініп, ту алған" байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды

Қазылардыӊ шешімімен бірінші орын үшін 1,5 миллион теӊгелік жүлде №180 орта мектептіӊ 9-сынып оқушысы Аружан Ибсатарға берілді. Екінші орынды №187 лицейдіӊ 6-сынып оқушысы Абылай Бердашев иеленіп, 1 миллион теӊгені қанжылады. №152 мектеп-гимназияныӊ 9-сынып оқушысы Бекзат Шардарбек үшінші орынға ие болды, оған 500 мыӊ теӊге бұйырды.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласында Н.И.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ аясында Алматы қаласыныӊ әкімдігініӊ Ішкі саясат басқармасыныӊ қолдауымен "Тұлпар мініп, ту алған" атты әдеби және тарихи-танымдық байқаудыӊ жеӊімпаздары марапатталды

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласыныӊ әкімдігі қолға алған жоба. Мақсат - өз әдебиетіміз бен мәдениетімізді қайта жаӊғыртып, руxты ұрпақты тәрбиелеу. Біздіӊ әдебиетіміздіӊ тариxы фольклористиканыӊ көне, керемет үлгісі. Көне жырымызда біздіӊ тариxымыз жатыр, әдебиетіміздіӊ қайнар көзі жатыр. Сондықтан оны жас ұрпаққа оқыту, жаттату арқылы санасын руxани жаӊғыртып отырмыз. Бұл жерде тек қана кішкентай балалар, оқушылар ғана емес, оларды дайындаған тәлімгерлер - мұғалімдердіӊ еӊбегі де ескерусіз қалмай, Англияныӊ Оксфорд қаласына жібергелі отырмыз. Ол жақтан ағылшын тілінен менгеріп, өркениетті көріп қайтады", - деді "Тұлпар мініп, ту алған" ұлттық жобасыныӊ жетекшысы Серік Сейітман.

Ол байқаудыӊ барысына да тоқталып өтті.

"Байқау маусым айыныӊ ортасында жарияланған. Содан бері қаланыӊ 8 ауданында байқау өткізілді. Оған жалпы 1300 астам, әр ауданнан 200 төӊірегінде бала қатысты. Ир ауданнан үш жеӊімпаздан іріктеп алдық. Осылайша қалалық турға 8 ауданнан 24 бала өтті. Қалалық тур оқушылар сарайында өтті. Содан жеӊіп шыққан 6 оқушы марапатталады".

Байқау жеӊімпаздары ақшалай түрде 3 ынталандыру сыйлығы, 3 негізгі сыйлықпен марапатталды. Жыр додасыныӊ негізгі жүлде қоры 3 миллион теӊгені құрады: І орын (біреу) - 1 500 000 теӊге; ІІ орын (біреу) - 1 000 000 теӊге; ІІІ орын (біреу) - 500 000 теӊге.

Байқауға қатысушылар "Алпамыс батыр" жырын жатқа айтып, жырда кездесетін көнерген сөздердіӊ мән-мазмұнын түсіндіріп, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнініӊ оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс болды.

"Қазылар алқасы жырды кез -келген жерде тоқтатып, сұрақ қояды, егер жырдан жаӊылып қалса құлады деген сөз. Аудандық турда қазылар "Алпамыс батыр" жырыныӊ ішіндегі көнерген сөздер, арxаизмдер, ономастикалық атаулар туралы да сұрады. Оларды да біз ғылыми тұрғыда сұрақ қылып дайындағанбыз. Ал қалалық турда қазақ әдебиеті пәнініӊ оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтар қойылды", - деді Серік Сейітман.

Оныӊ айтуынша, қазылар алқасыныӊ құрамында Идебиет және өнер институтыныӊ бөлім меӊгерушісі Тоқтар Илібек, Тіл білімі институтыныӊ жас ғалымы Қуаныш Жұмабек, Қазақстан журналистер одағынын мүшесі, ақын Сайлаубай Тойлыбаев, әр ауданнын білім бөлімніӊ басшылары болды.

Байқаудыӊ мақсаты мен міндеттері:

- оқушылар арасында кітап оқуды, оныӊ ішінде қазақ халқыныӊ батырлық эпостарын насихаттау;

- өскелеӊ ұрпақтыӊ шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- оқушыларды халық поэзиясына, қазақ халқыныӊ рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;

- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерініӊ беделін көтеру, олардыӊ кәсіби біліктілігін арттыру.

Ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы әкімдігі мен "QAZAQ EPOS" қоғамдық қоры.

Қазылардыӊ шешімімен бірінші орын үшін 1,5 миллион теӊгелік жүлде №180 орта мектептіӊ 9-сынып оқушысы Аружан Ибсатарға берілді.

Екінші орынды №187 лицейдіӊ 6-сынып оқушысы Абылай Бердашев иеленіп, 1 миллион теӊгені қанжылады. №152 мектеп-гимназияныӊ 9-сынып оқушысы Бекзат Шардарбек үшінші орынға ие болды, оған 500 мыӊ теӊге бұйырды.

Осы жеӊімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдер - Майра Мырзахметова, Айжан Оспанбекова мен Фарида Сүлейменоваға Оксфорд қаласында (Ұлыбритания) ағылшын тілі курстарынан өтуге жолдама берілді. І орын (біреу) - 3 ай; ІІ орын (біреу) - 2 ай; ІІІ орын (біреу) - 1 ай.

Сонымен қатар, марапаттау кезінде әр этнос өкілдерініӊ балалары эпостан үзінділер оқыды.

Одан бөлек, ұйымдастырушылар Инстаграмм желісінде Қазақстанныӊ танымал адамдары арасында "Алпамыс батыр" эпостық жырын оқу эстафетасын өткізді.

Кішкентай оқырмандарға сувенир ретінде қамшы мен киіз үй сыйға тартылды.

Марапаттау сәті концерттік бағдарламамен сүйемелденді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны