14.12.2016, 09:09 3912

Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ Алау эстафетасыныӊ гимні ресми бекітілді

2016 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ Алау эстафетасыныӊ гимні ресми бекітілді. Инұран музыкасыныӊ авторы - Ерулан Канапьянов. Гимнніӊ мәтінін ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері,ақын Шөмішбай Сариев жазды. Гимнді "Астана Опера" театрыныӊ жетекші солистері Майра Мұхамедқызы мен Медет Чотабаев орындады.

Алматы. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 10 желтоқсанда Алматыда Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияныӊ концерт залында белгілі композитор, халықаралық сыйлықтардыӊ лауреаты, Еуразиялық мәдениет қорыныӊ президенті Ерұлан Қанапьяновтыӊ Шығармашылық кеші өтті.

"Аққу Елім Қазақстан" шығармашылық кешініӊ концерттік бағдарламасы Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналды.

Іс-шараныӊ ұйымдастырушылары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі және А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі болды.

Концерттік бағдарламада П.Чайковский атындағы музыкалық колледждіӊ эстрадалық-симфониялық оркестрі мен құрама хоры, хореографиялық училищеніӊ би ансамблі, сондай-ақ даӊқты эстрада майталмандары - Лаки Кесоглудыӊ, Люция Төлешеваныӊ, Нағима Есқалиеваныӊ және басқаларыныӊ шәкірттері - жас, бірақ музыка саласында енді белгілівокалистер өнер көрсетті.Концертке қатысушы солистердіӊ көбісі халықаралық және республикалық конкурстардыӊ лауреаттары болып табылады.

Концерт үлкен табыспен өтті және әр орындаушыныӊ өнер көрсетуіне ұзақ қол шапалақтанды. Концерттік бағдарламаныӊ соӊында Е.Қанапьянов неғұрлым дарынды жас орындаушыларға Еуразиялық мәдениет қорыныӊ стипендиаттарыныӊ дипломдарын табыс етті.

Ерұлан Қанапьяновтыӊ Шығармашылық кешініӊ концерттік бағдарламасын "Қазақстан" телеарнасында көрсету жоспарлануда.

Ерұлан Қанапьянов (1958 жылғы 15 желтоқсанда туған) - белгілі композитор, қоғам қайраткері және меценат.

Насер Кульсариевпен бірге "Тақыр" рок-опера-балетініӊ қосарлас авторы болып табылады. 2001 жылы Ерұлан Қанапьяновтыӊ "Река времен" атты авторлық музыка альбомы шығарылды. Жазуға дүниежүзіне әйгілі джаз орындаушысы Алексей Козлов бастаған аты аӊызға айналған "Арсенал" ансамблі қатысты.

2002 жылдыӊ қаӊтар айында Ерұлан Қанапьянов "Жыл композиторы" номинациясында Ұлттық музыкалық сыйлықтыӊ лауреаты болды. Оныӊ туындылары Қазақстан, Австрия, Ресей, АҚШ, Украина, Францияныӊ концерт залдарында орындалып, тыӊдармандардыӊ лайықты бағасын алуда.

Композитордыӊ шығармашылығында вокалдық музыка - Николай Рубцовтыӊ, Кәкімбек Салықовтыӊ, Шөмішбай Сариевтіӊ және басқаларыныӊ өлеӊдеріне вокалдық циклдар маӊызды орын алады. Оныӊ әндері республикалық және басқа ән конкурстарында бірнеше мәрте Гран-приге ие болды. 2008 жылы Е.Қанапьянов "Эстрадалық ән және эстрадалық романс" номинациясында А. Петров атындағы беделді Халықаралық композиторлар конкурсыныӊлауреаты болды.

Ерұлан Қанапьяновтыӊ әндерін Қазақстанныӊ танымал әншілері: Бибігүл Төлегенова, Илібек Днішев, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Майра Мұхамедқызы, Медет Чотабаев, Сара Найман, Гуля Тулегенова, Владимир Ступин, ГауҺар Қаспақова, Дильназ Ахмадиева, Иван Бреусов және көптеген басқалары орындайды.

Композитордыӊ Еуропаныӊ еӊ үздік вокалдық-джаз топтарыныӊ бірі "AИcapella Express" тобымен ынтымақтастығы халықаралық танымалдыққа ие болды.

Е.Қанапьянов 7-ші Қысқы Азиаданыӊ Алау эстафетасы әнұранныӊ авторы болып табылады. 2002 жылдан бері-Қазақстан Композиторлар одағыныӊ мүшесі.

Ерұлан Қанапьянов Еуразиялық мәдениет қорыныӊ президенті, "Приз традиций" халықаралық фестивалініӊ бас директоры, "Өрлеу" халықаралық балет конкурсыныӊ құрылтайшысы болып табылады."Ғасыр адамы", "Қайтарылған есімдер", "Музыкалық көпірлер", "Аӊызбен кездесу" мәдени жобалары мен қоғамдық науқандарыныӊ авторы және ұйымдастырушысы.

"Құрмет" орденімен (2005), Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Гуманитарлық және мәдени салалардағы қайырымдылық қызметі үшін" Құрмет Дипломымен және Қазақстан, Моӊғолия, Польша, Ресей мен Украинаныӊ басқа да мемлекеттік және қоғамдық марапаттарымен марапатталған. "Алтын Икар" халықаралық сыйлығыныӊ (Германия) лауреаты болып табылады.

Композиторлық талантқа және шығармашылық әуестіктердіӊ кеӊдігіне ие бола отырып,

Е. Қанапьянов заманауи музыканыӊ сан алуан жанрлары мен бағыттарында жаӊа шығармалар жасау, сондай-ақ жаӊа жобаларды іске асыру бойынша жұмыс істейді.

2016 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ Алау эстафетасыныӊ гимні ресми бекітілді. Инұран музыкасыныӊ авторы - Ерулан Канапьянов. Гимнніӊ мәтінін ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері,ақын Шөмішбай Сариев жазды. Гимнді "Астана Опера" театрыныӊ жетекші солистері Майра Мұхамедқызы мен Медет Чотабаев орындады. Сондай-ақ жазуға "Арт-Вокал" тобы қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны