26.03.2012, 11:18 3448

Алматы қаласының бірқатар ауданы суық сусыз қалды

Орталықтандырылған су беру жүйесі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта іске қосылатын болады. Бұл туралы "Алматы Су холдингінің" баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда су құбырларында болған апат салдарынан "Көк Төбе" ықшам ауданындағы Жабаев көшесінде орналасқан үйлерге суық су беру тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, орталықтандырылған су беру жүйесі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта іске қосылатын болады. Бұл туралы "Алматы Су холдингінің" баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәлім етілгендей, қалада су құбырларына сондай-ақ, жоспарлы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Аталмыш себептерге байланысты 27 наурыз күні Алмалы, Түрксіб, Медеу, Ауезов және Алатау аудандарында суық су беру уақытша тоқтатылады. Олардың қатарында емханалар, балабақшалар, ЖОО-лар, мектептер, қонақ үйлер, мемлекеттік және коммерциялық құрылым нысандары, сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлер бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны