08.05.2008, 10:23 2757

Алматы қаласының орталығындағы бос жерлерді қайта бөлу қажет - сауалнама мәліметтері

Алматы қаласының орталығындағы бос жерлерді қайта бөлу қажет - сауалнама мәліметтері

Алматы. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің оқырмандары Алматы қаласының орталығындағы коммерциялық құрылысқа бөлінген бос жерлерді әлеуметтік нысандардың немесе саябақ аумақтарының пайдасына қайта бөлу қажет деп есептейді. "Қазақстан Бүгін" агенттігінің сайтында жүргізілген интерактивті сауалнаманың нәтижелері осындай болып шыққан.

Апта сауалы былай берілген: "Компанияларға коммерциялық құрылыс салу үшін сатылған Алматы қаласындағы бос тұрған жерлердің мәселесін қалай шешкен дұрыс?".

Біздің оқырмандарымызың 36 пайызы әлеуметтік нысандар (мектептер, ауруханалар, балалар бақшасы) салуға беру керек деп есептейді. Тағы 35 пайызы бұл жер телімдеріне саябақтар егуге өз дауыстарын берген. Компанияларға құрылысты аяқтауды міндеттеуді оқырмандардың 21 пайызы қалайды. Жеке тұрғын үй салуға немесе басқа жолын қарастыру керек деген жолдардың әрқайсысына оқырмандар 4 пайыздан дауыстарын берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны