12.05.2017, 16:53 5486

Алматы қаласыныӊ саябақтары мен бақтарында жаӊадан 1000 астам ағаш отырғызылады

Байсейітова көшесініӊ бойындағы бақтыӊ жалпы аумағы 226 мыӊ м2, оныӊ ішінде көгалдандыру жұмыстары 19 мыӊ м2, төсемдер 6 мыӊ м2 құрайтын болады. Бақтыӊ аумағында түрлі 462 түп ағаш, 242 бұташа, 5 түрлі сұрыптағы 5028 түп раушан гүлдер егілетін болады. Бір жылдық гүлдерден жасалатын гүлзар 24.1 м2. құрайтын болады.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Абаттандыру және көгалдандыру жүмыстары саябақтардыӊ экологиялық ахуалын және эстетикалық бейнесін жақсартуға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстар Сәтпаев көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі Байсейітова көшесініӊ бойындағы, Абай даӊғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Төлебаев көшесініӊ бойындағы бақтарда, Тимирязев көшесінен Бұхар Жырау бульварына дейінгі "Есентай" бағында жүргізілетін болады. Төлебаев көшесі бойындағы бақты абаттандырудыӊ мақсаты тарихи аймақтыӊ өзіндік ерекшелігін және бет бейнесін сақтап қалу болып табылады. Бұл бақтыӊ жалпы аумағы 56 мыӊ м2, оныӊ ішінде 11 мыӊ м2 жерде көгалдандыру жұмыстары жүргзіліп, 5,4 мыӊ м2. жерде асфальт төселетін болады. Байсейітова көшесініӊ бойындағы бақтыӊ жалпы аумағы 226 мыӊ м2, оныӊ ішінде көгалдандыру жұмыстары 19 мыӊ м2, төсемдер 6 мыӊ м2 құрайтын болады. Бақтыӊ аумағында түрлі 462 түп ағаш, 242 бұташа, 5 түрлі сұрыптағы 5028 түп раушан гүлдер егілетін болады. Бір жылдық гүлдерден жасалатын гүлзар 24.1 м2. құрайтын болады. Есентай" бағы Есентай өзінініӊ екі жақ бетінде орналасқан, бақтыӊ аумағына түрлі тұқымдас 619 түп ағаш, 502 бұташа және 118 түп жасыл қоршау егіледі. Сонымен қатар, қураған және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу; велосипед жолдарын жасау; маӊындағы үйлерде тұратын тұрғындар жайлы демалуы үшін көшелерде абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. "Есентай" жағалауын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұрғындар спорт алаӊдары мен веложолдарда өз денсаулықтарын жақсарта алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны