24.05.2012, 03:13 4396

Алматы қаласының шекарасы өзгертіледі

"Кезекті қалалық мәслихаттың сессиясында Алматының 2012 жылғы нақтыланған бюджеті, қала шекарасының өзгеруі, қалада жолаушы көлігі мен жүк тасымалдауға бірыңғай тарифті енгізу мәселелері қаралды", деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алмаьы. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Алматы қаласының шекарасы өзгертіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Кезекті қалалық мәслихаттың сессиясында Алматының 2012 жылғы нақтыланған бюджеті, қала шекарасының өзгеруі, қалада жолаушы көлігі мен жүк тасымалдауға бірыңғай тарифті енгізу мәселелері қаралды", деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласының 2012 жылғы бюджетін нақтылауда бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі 7 млрд. 264 млн. 982 мың теңгеге ұлғайған. Бұған салық және басқа төлемдердің оң динамикасы мен бұрынғы қалдықтарды дұрыс бөлу арқасында қол жетіп отыр.

Бұл қаржы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, жастар саясаты, энергетика мен тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық салаларын дамытуға жұмсалатын болады.

Осылайша, Алматы қаласының 2012 жылғы бюджеті бекітілді, оның жалпы сомасы - 338 млрд. 254 млн. 197 мың теңге.

Алматы мәслихаты Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде қала шекарасына Алматы облысы Қарасай және Талғар аудандарының жалпы көлемі 11 мың 921 гектар болатын жерін енгізу туралы шешім қабылдады. Республикалық маңызы бар қаланы одан әрі дамыту үшін мұндай шешімнің қабылдануы өте маңызды. Өйткені, Алматыда туризмді дамыту, өнеркәсіптік инфрақұрылымды жаңарту, мегаполистің жол тораптарын кеңейту, әлеуметтік құрылыс нысандарын салуды ұлғайту, қала шекарасын ретке келтіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер. Мысалы, қалаға қосылған жерлерге "Көк жайлау" тау шаңғысы курортын, бобслейлі трассасын, жабық мұз айдынын, "Бүкіләлемдік Универсиада -2017" спорт нысандарын салу жоспарлануда. Қала шекарасы бойына ЖЭО -2 орналасқан, ол қаланы жылумен қамтамасыз ететін болады.

Алматы қаласының шекарасын өзгерту жобасы мәслихат шешімімен бірге ҚР Үкіметіне жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны