16.02.2018, 17:06 6592

Алматы облысы әкімдігінде Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді орындау мәселелері талқыланды

Басқосуда облыс әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысыныӊ еліміздіӊ экономикалық өсімі өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша 4 процент, инфляция 7 процент төӊірегінде болғанына тоқталып, алдымызға бұдан да жоғары міндеттер қоюымыз керектігін тапсырғанын айтты

Талдықорған. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімдігінде аудан, қала әкімдерініӊ, облыстық басқарма басшыларыныӊ қатысуымен жиын өтті. Жиында Елбасыныӊ төрағалығымен өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді орындау мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Басқосуда облыс әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысыныӊ еліміздіӊ экономикалық өсімі өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша 4 процент, инфляция 7 процент төӊірегінде болғанына тоқталып, алдымызға бұдан да жоғары міндеттер қоюымыз керектігін тапсырғанын айтты.

- Елбасы алдымызға бірнеше нақты міндеттер қойып отыр. Атап айтқанда, экономикадағы қайта өӊдеу секторыныӊ үлесін ұлғайту,өнеркәсіпке озық технологияларды енгізу мен кәсіпорындардыӊ экспортқа бағытталуын арттыру, қолданыстағы Еркін экономикалық аймақтардыӊ жұмысын сараптап, ЕЭА-ларды өӊір экономикасына инвестиция тартуға пайдалану. Аталған бағыттар бойынша бізде жұмыстар басталған, ендігі міндет соны сапалы деӊгейді әрі қарай жалғастыру. Яғни ТрансҰлттық компаниялардыӊ қатысуымен, сонымен қатар отандық және шетелдік инвесторларды тарту арқылы қолға алынған жобалардыӊ жүзеге асырылуына ерекше назар аударуымыз керек. Сонымен қатар "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларын одан әрі жүзеге асырудыӊ механизмдерін нақтылап, қаржыныӊ тиімді жұмсалуын қатаӊ бақылауда ұстау тапсырылды, - деді А. Баталов.

"Нұрлы жол" бағдарламасы негізінде облыстыӊ аумағынан өтетін 4 бірдей жолдыӊ жуырда басталатын күрделі жөндеу жұмыстары мен құрылысы өӊірдіӊ дамуына айрықша ықпал ететінін де атап өтті. Талдықорған - Өскемен, Үшарал - Достық, Молалы - Балқаш жолдарыныӊ жөнделумен қатар Үлкен Алматы айналма автокөлік жолыныӊ (БАКАД) құрылысы да басталады деп күтілуде.

Сондай-ақ Елбасы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ барлық бағытыныӊ орындалуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Облыс әкімі бұл жөнінде сүт, ет өндіру мен өӊдеуді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық процестерін жылдамдатуды, соныӊ ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардыӊ санын азайту, өӊірлерде, әсіресе ірі кәсіпорындарда еӊбек құқықтары жан-жақты қарастырылған жұмыс беруші - жұмысшы - кәсіподақ үштігініӊ үш жақты еӊбек келісімініӊ міндетті түрде болуын қадағалау мәселелеріне баса назар аударды. Аудан, қала әкімдеріне осы тапсырмалармен қатар, 2018 жылға әр өӊірдіӊ тұрғын үй құрылысыныӊ қарқынын бәсеӊдетпеу, шағын және орта бизнесті қолдау, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесініӊ талабы бойынша елді мекендер бюджетініӊ қалыптасуы мен оныӊ орынды жұмсалуын бақылау,жаӊа жұмыс орындарын ашу ісіне ерекше назар аудару ескертілді.

Осы жиында А. Баталов "Нұрлы жер" бағдарламасымен салына бастаған Талдықорғандағы коттедж қалашығыныӊ құрылысына қатысты сын айтты. Ондағы жұмыс істеп жатқан құрылысшылар саны мен жұмыстыӊ атқарылу ауқымына көӊілі толмаған облыс әкімі қала әкімдігіне жұмысты қузауды тапсырды.

Оған қоса өӊір басшысы цифрландыруға жаппай кірісу керектігін еске салды. Мәселен,облыста қолға алынған "Жетісу 360" виртуалды жобасы арқылықалаған адам Талдықорған қаласындағы екі музейді онлайн форматта тамашалай алады. Наурыз айыныӊ соӊына дейін осындай форматқа облыстағы ірі музейлердіӊ бәрі енгізілмек. Цифрландырудыӊ жарқын үлгісі ретінде жобаны тілге тиек еткен облыс басшысы А. Баталов барлық сала басшылары, аудан, қала әкімдері осындай жаӊашылдықтарды қолға алуы керектігін қадап айтты.

Мұнан кейін облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Л. Тұрлашов, облыс әкімініӊ орынбасарлары, С. Бескемпіров, Ж. Тұяқов, Ж. Омар, облыс әкімі аппаратыныӊ басшысы Б. Байжұманов және облыстық басқарма басшылары сөз алып, өз салаларына қатысты жоспарларымен бөлісіп, түйіні шешілмеген, қолдауды қажет ететін мәселелерді талқыға салды.

Талқыланған және нақты тапсырмалар берілген бағыттар қатарында су тасқыныныӊ алдын алу шаралары, ирригациялық жүйелерді жөндеу, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік маӊызды нысандардыӊ салыну сапасын бақылау, ана мен бала өліміне жол бермеу және басқа да мәселелер бар.

- Елбасы тапсырмаларыныӊ, Жолдаудағы айтылған 10 басым бағыттыӊ негізінде 2018 жылғы жұмысымыздыӊ жоспарын құрып, бағытымызды белгілеп алдық. Енді еӊ бастысы әркім өз жауапкершілігіне алған саласын бүге-шігесіне дейін қадағалап, жанашырлықпен жұмыс істесе, сонда ғана ісіміз алға басады, ілгері жылжиды, - деді А. Баталов қорытынды сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны