18.04.2017, 20:08 4376

Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде дәрігерлік амбулатория мен полиция бөлімшесі қызмет көрсететін болады

Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенініӊ тұрғындарына жуырда дәрігерлік амбулатория мен полиция пункті қызмет көрсететін болады. Облыс әкімі А. Баталов тұрғындардыӊ өтініштерін ескере отырып, аталмыш нысандардыӊ құрылысын жүргізу туралы шешім қабылдады.

Талдықорған. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенініӊ тұрғындарына жуырда дәрігерлік амбулатория мен полиция пункті қызмет көрсететін болады. Облыс әкімі А. Баталов тұрғындардыӊ өтініштерін ескере отырып, аталмыш нысандардыӊ құрылысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов осы мәселеге байланысты Қарасай ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты.

Облыстық құрылыс басқармасыныӊ хабарлауынша, полиция пункті үшін алаӊы 75,1 шаршы метр болатын арнайы ғимарат сатып алынған. Жоба қазіргі кезде сараптамадан өтуде. Тағы бір маӊызды нысан - дәрігерлік амбулатория үшін де алаӊы 400 шаршы метрлік ғимарат алынып, бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Алдағы уақытта кешен аумағынан мектептіӊ құрылысын жүргізу де жоспарда бар. Изірге биылғы жаӊа оқу жылында бұл кешенніӊ оқушылары жақын маӊда тұрған Іргелі ауылындағы салынып жатқан мектепке бара алады. Іргелідегі 1200 орынға арналған мектеп тамыз айыныӊ соӊында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар тұрғын үй кешеніне кіріп-шығатын қолданыстағы жолдыӊ біреу ғана болуы да - тұрғындар үшін қиындық туғызып отырған мәселе. Осыған байланысты облыс әкімініӊ тапсырмасымен алдағы уақытта кешен тұрғындары үшін тағы бір жол салынатын болады.

Ауданға сапары барысында Л. Тұрлашов жол жиегіндегі қызмет көрсету нысандарыныӊ орналасу заӊдылығына, құрылыс талаптарына сәйкестігіне, сыртқы келбетіне назар аударып, талапқа сай келмейтін нысандардыӊ иелеріне ескерту жасады. "Алматы - Жандосов" жоғарғы трассасынан бастап Үшқоӊыр ауылындағы, сол сияқты "Алматы - Бішкек" төменгі трассасындағы нысандар, аралаумен жалпы саны 38 нысан қамтылды.

Л. Тұрлашов жол бойындағы қызмет көрсету ісін дамыту қажеттігін, бірақ бұл орайда барлық заӊдылық талаптары сақталуы тиістігін ескертті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны