30.05.2018, 19:58 4087

Алматы облысы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ орындалу барысы туралы есеп берді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ орындалу барысы туралы өткен брифингіде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында Шеӊгелді және Қырғауылды ауылдарыныӊ аумағында көне қалалардыӊ археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. Оған облыс бюджетінен 17 млн. теӊге бағытталған. Оған қоса таяу арада Сарқан ауданындағы "Қойлық", Ескелді ауданындағы "Ешкіөлмес" петроглифтеріне, Жамбыл ауданындағы "Бұрған сақ" пен "Таӊбалытас" қорғандарына археологиялық зерттеу басталады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингісі барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

- Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетініӊ және өӊірдегі өлкетанушы, географ, тарихшы ғалымдардыӊ бірлескен "Рухы бекем, киелі мекен - Жетісу" ғылыми-танымдық экспедициясына 5 мыӊнан астам адам тартылды. Облыстағы киелі орындар туралы ел ішінен жинақталған аӊыздар мен әӊгімелер, фотоматериалдар екі томдықты құрап, жұмыстыӊ нәтижесін көрсетті. Бірінші томы оқырмандарға жол тартса, екінші томы ертеӊ басталғалы отырған экспедицияныӊ қорытындысында шығарылатын болады, - деді Амандық Баталов брифинг барысында.

Сонымен қатар биылғы жылдыӊ іргелі шарасы ретінде Шоқан Уәлихановтыӊ Қашқарияға барған жолымен жүретін ғылыми-танымдық "Шоқан ізімен" экспедициясын және ҚХР-ға "Мұқали" медиа-экспедициясын атауға болады.

Алматы облысында "Ескерткіштердіӊ электронды картасы" жұмыс істейді.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ "Қазақстанныӊ киелі жерлері" жобасы бойынша облыста 58 объект іріктеліп, оныӊ 17-і республикалық және 41-і облыстық тізбеге енгізілді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Жаӊа заман талабына сай цифрлы технологияныӊ мүмкіндіктері пайдаланыла отырып, "Ескерткіштердіӊ электронды картасы" жасалып, оған облыс аумағындағы 2343 ескерткіш кірді. Карта арқылы тарихи, мәдени, табиғи ескерткіштердіӊ, киелі нысандардыӊ толық мәліметін алуға мүмкіндік жасалған.

Заманауи ақпараттық технологияны енгізу кез келген саяхатқа шығуды жеӊілдетуге жағдай жасап отыр. Өӊірдіӊ туристік бағыттарына орнатылған навигациялы 255 QR сілтемелері және "Жетісу 360" жобасы аясында облыс музейлеріне 3D-тур жасау осыған жарқын мысал бола алады. Кез келген гаджеттен zhetysu360.kz сілтемесі арқылы өтіп, үйде отырып-ақ қызықты виртуалды саяхатқа шығуға болады.

- Жаӊа технологияны жетік меӊгерген жастар осы іске белсене араласып, өз жобаларын жүзеге асыруда. Мәселен, облысымыздағы Сүлеймен Демирел университетініӊ студенттерімен бірлесіп "Жетісудыӊ қасиетті жерлері" атты үш тілдеiOs және Androidмобильді қосымшалары іске қосылды, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Оған қоса өӊірде "Жетісудыӊ географиялық қауымдастығы" құрылып, Жетісу скретч-картасы жасалған. Осы арқылы әр азамат өзініӊ жеке картасын түзіп, Жетісу жеріне саяхат жасай алады.

Алматы облысында "Рухани жаӊғыру" аясында 243 мәдениет үйі жөнделмек.

Алматы облысында "Рухани қазына" кіші бағдарламасы аясында жуық жылдарда облыстағы 243 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі. Оныӊ 7-еуі өткен жылы жасалса, биыл 11 жобалық-сметалық құжаттама, 2 қалпына келтіру және 3 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Жырға тұнған мекенім - Жетісуым" жобасы бойынша 43 жергілікті ақын-жазушыныӊ кітаптары жарық көрді. "Жетісу балалар кітапханасы" жобасы бойынша 6 автордыӊ балаларға арналған түрлі жанрдағы антологиясы басылып шықты, сөйтіп 24 мыӊ дана кітап оқырманға жол тартты.

Сондай-ақ, Алматы облысында "Рухани жаӊғыру" шеӊберінде 308 жобаны жүзеге асыруға 37,1 миллиард теӊге қаражат жұмсалады

Алматы облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ "Рухани қазына", "Тәрбие және білім", "Атамекен", "Ақпарат толқыны" негізгі бағыттарыныӊ 308 жобасын жүзеге асыруға 37,1 миллиард теӊге қаражат жұмсалады. Оныӊ ішінде екі жылда өӊірдегі меценаттар мен кәсіпкерлердіӊ үлесі 9,4 млрд. теӊгеге жетті. Бұл туралы Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен облыс әкімініӊ брифингісінде белгісі болды.

- Өткен жылы желтоқсан айында Талдықорған қаласында арнайы "Рухани жаӊғыру" орталығын аштық. Бүгінгі күні облыста жасақталған Жобалық кеӊсеніӊ кәсіби мамандар тобы осы ғимаратта жұмыс жасап отыр. Бағдарламаға облыстағы ірі меценаттар мен кәсіпкерлер қолдау білдіріп, белсене атсалысты. Бағдарлама аясында Қарасай ауданында Тұӊғыш Президент - Елбасыныӊ "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы, "Батыр бабалар" музейі жаӊадан салынып, іске қосылды, - деді Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов.

Алматы облысында латын графикасына көшу бойынша түсіндіру жұмыстарымен 38 мыӊнан астам тұрғын қамтылған.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі - қазақ қарпін латын графикасына көшіру. Бұл ретте Алматы облысында ақпараттық насихат жұмыстарымен өӊірдіӊ 38 380 тұрғыны қамтылып, осы мәселеге қатысты 300-ден астам шаралар өткізілген, деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Насихат жұмыстарыныӊ аясында "Латын әліпбиініӊ қолданылуы", "Қазақ жазуы" атты әдістемелік құралдар шығарылып, таратылды. БАҚ арқылы "Латын әліпбиі - өркениетке тура жол" атты сериялық бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.

Өткен жылы Алматы облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 8 мыӊ іс-шара өткізіліп, оған 1 миллионнан астам адам тартылды.

Алматы облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын кеӊінен насихаттаған 21 журналист тұӊғыш рет арнайы "Самғау" сыйлығымен марапатталды. Марапат 7 номинация бойынша өтіп, жүлде қоры 7 млн. теӊгені құрады. Енді бұл сыйлық жыл сайын берілетін болады.

Сонымен қатар "Ақ қауырсын" әдеби сыйлығы да облыста алғаш рет тағайындалып, бұл марапат "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Жетісу көктемі" атауымен өткен жас әдебиетшілердіӊ І форумында табысталды.

Жалпы атап өтсек, Алматы облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ орындалуы туралы БАҚ-та 8 773 мақала жарық көріп, өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ ақпараттық алаӊында 59 брифинг өткізілген.

"ВВС" телерадиокорпорациясымен бірлесіп "Жетісу" бейнеролигі түсірілді, оны бүгінге дейін жер шарыныӊ 470 миллион көрермені тамашалады. Қазір екінші бейнероликті түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Өӊірдіӊ туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында облыстық "Жетісу" телеарнасы мен жас таланттар бірлесіп "Welcome to Zhetysu" көркем фильмін түсірді.

- Жалпы облыста өткен жылы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бойынша 8 мыӊ іс-шара өткізіліп, оған 1 млн. адам тартылды, - деп атап өтті облыс әкімі А. Баталов.

Алматы облысында "Туған жер" жобасы шеӊберінде өткен жылы 17,7, млрд. теӊгеге 193 жоба жүзеге асырылған.

Алматы облысында "Атамекен" кіші бағдарламасы Жетісуда туып-өскен кәсіпкерлер мен меценаттар тарапынан жақсы қолдау тауып келеді. Тек қана "Туған жер" арнайы жобасыныӊ шеӊберінде өткен жылы жалпы құны 17,7 млрд. теӊге болатын 193 жоба жүзеге асырылды.

Олардыӊ қатарында "Батыр бабалар" мемориалды музейі (465 млн.тенге) мен Тұӊғыш Президент - Елбасыныӊ "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы да салынып, іске қосылды.

Бұл орайда әлеуметтік маӊызды жобалар да атап өтілді. "BN INVEST" қаржылық-өндірістік холдингі Қарасай ауданы Шамалған ауылында халықтыӊ әлжуаз топтарыныӊ қатарындағы отбасыларына 160 млн. теӊгеге 17 тұрғын үй салып берді. Ал Еӊбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылындағы қараусыз қалған саябақ қайта жаӊғыртылып, балалар алаӊы мен футбол алаӊы жасалды. Бұл іске жоғары технологиялы көкөніс пен жеміс-жидек өсірумен айналысатын "Амал Био" ЖШС жетекшісі, кәсіпкер Асқар Сабиров 30 млн. теӊге жұмсады.

"ABM Group" ЖШС директорлар кеӊесініӊ төрағасы, меценат Азамат Молдақасымов Балқаш ауданында бірқатар іргелі істерге мұрындық болды: бастауыш мектеп, балалар алаӊы салынды, ауыл ішілік жолдар жөнделіп, жарықтандыру жүйелері жүргізілді. Жалпы алғанда кәсіпкер Бояулы ауылын көркейтуге 650 млн. теӊгеден астам қаржы құйды.

Белгілі меценат, "Жер-Су" корпорациясыныӊ президенті Бауыржан Оспанов жастарды қолдау мен бизнесті дамытуға барынша жәрдемдесіп келеді. "BastauСamp" семинарыныӊшеӊберіндеАлакөлауданында 12 жаскәсіпкердіӊүздікстартаптарыкәсіпкердіӊ1 млн. теӊгегедейінгігрантыниемденді.

Шаруа қожалығыныӊ басшысыТемірлан Шайнүсіпов "Рухани жаӊғыру" бағдарламасына қатыса отырып, Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында 140 млн. теӊгеге 20 тұрғын үй салды. Ол туған ауылында балақша, балаларға арналған алаӊдар мен спорт алаӊдарын тұрғызып, жол салды. Өӊірде мұндай мысалдар көп.

- Жылбасынан бері облыста "Туған" жер жобасышеӊберіндежалпысомасы 4,2, млрд. теӊгеге 85 жобажүзегеасырылыпжатыр. ОлардыӊарасындаАлакөл, Қарасай аудандарында денешынықтыру-сауықтыру кешендерініӊ, Кербұлақ ауданы Тастыбастау ауылында мектептіӊ, Алакөл ауданында патронаттық отбасына арналған үйдіӊ құрылысы мен Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында ұлы ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтыӊ ескертікішін атауға болады. Жыр алыбыныӊ еӊселі ескерткішін күні кеше ғана салтанатты түрде аштық, - деді Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов.

Жалпы, 2019-2020 жылдары құны 5,9 млрд. теӊге болатын 122 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жетісулық 25 мыӊ оқушы мен студент биылғы оқу жылында тарихи-мәдени нысандарды аралаған.

Патриоттық тәрбие беру мақсатында "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы аясында өӊір жастары ғылыми-танымдық және зерттеу экспедицияларына қатыстырылуда. Тек осы оқу жылыныӊ өзінде жетісулық 25 мыӊ оқушы мен студент тарихи-мәдени нысандарды аралап шыққан.

Биылғы оқу жылынан бастап Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеттіӊ студенттері "Қоғамдық сананы жаӊғырту", "Жетісу өлкетануы", "Қазақстанныӊ табиғи, тарихи мұрасы" атты жаӊа пәндер мен "Жетісу тарихы" элективті курсын оқуда.

Жастар үшін әлемдік танымал кітаптарды аударуға бағытталған "Жетісудыӊ жастарға тартуы" атты жобасы, жас өлкетанушылар мен туристердіӊ "Меніӊ Отаным - Қазақстан" облыстық форумы өткізіледі.

Облыс әкімініӊ айтуынша, жалпы бұл бағыт бойынша 2017-2022 жылдары 878,4 млн. теӊгеге 40 жобаны жүзеге асыру жоспарланған ("Отаным - тағдырым" 16 жоба (397,3 млн.), "Өлкетану" - 8 жоба (24,4 млн.), "Саналы азамат" 16 жоба (456,7 млн.).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны