24.07.2007, 18:07 2886

Алматы облысында алдағы үш тәулікте тасқын болуы мүмкін

АЛМАТЫ. 24 шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысында алдағы үш тәулікте таулы өзендерде тасқын болуы мүмкін. Осы жөнінде бүгін "Қазгидромет" РМК ескерту жариялады.

"Тау бөктерлеріндегі жоғары ылғалдылық пен 25-27-шілдеде жаңбыр жауады деп болжануға байланысты Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде тасқын болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Күн райын болжаушылар осы күндері Іле Алатауында сел жүру мүмкіндігін ескертеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны