20.06.2013, 12:43 2844

Алматы облысында алты жасар баланы қаққан жүргізуші бой тасалаған

Алматы облысында шетелдік көлік жүргізушісі алты жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп бүгін облыстық полиция баспасөз қызметі мәлімдеді.

Талдықорған. 20-маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысында алты жасар баланы қаққан жүргізуші бой тасалаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысында шетелдік көлік жүргізушісі алты жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп бүгін облыстық полиция баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, апат сәрсенбі күні кешкісін "Шелек - Сарыбұлақ" жолында болған.

Ауыр жарақат алған бала есін жимастан ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Оқиға орнына таяудағы полиция бекеттері мен патрульдік жасаққа жол апаты туралы хабар берілді. Олар маңдай әйнегі мен алдыңғы кузовы майысқан "Мерседес" көлігін тоқтатқан.

"Мерседес" жүргізген Ақтоған қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталып, баланы қаққанын мойындаған. Қазір тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны