15.04.2010, 13:59 3402

Алматы облысында екі ер адам араздық салдарынан бірін-бірі өлтірді

Алматы облысында екі ер адам араздық салдарынан бірін-бірі өлтірді

Талдықорған. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында екі ер адам араздық салдарынан бірін-бірі өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төтенше оқиға сәуірдің 13-інен 14-іне қараған түні 22 сағаттан кейін Талғар ауданының Бесағаш ауылында болған. "Тәртіп сақшылары анықтағандай, осы ауылда 1965 және 1959 жылдан бері тұрып жатқан екі көрші бір-біріне деген жеккөрушілік салдарынан араздасып, оның соңы төбелеске ұласқан. Жаңжал барысында олардың бірі бритва, екіншісі - асхана пышағын пайдаланған. Біріншісі көршісінің мойнынан, ал екіншісі кеудесінен жарақаттап үлгерген. Ер азаматтар төбелес кезінде мас емес, сау болған ", - деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екеуі де төбелестен кейін Алматы облыстық ауруханасына жеткізілген. Алайда біраз уақыттан кейін екі еркек қайтыс болған.

"Олардың арасындағы егестікті көше түгел бұрыннан бері білген. Төбелесті көрген куәгерлер де бар", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс қозғалмауы мүмкін. Қазір тәртіп сақшылары куәгерлерді сұрастырып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны