10.04.2017, 18:03 4762

Алматы облысында германиялық компания қой етін өӊдейтін кешен тұрғызады

Алматы облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен Алматыда "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысы өтті.

Талдықорған. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен Алматыда "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысы өтті.

Кеӊеске қатысушылар алдымен беларусьтық агротехника көрмесімен танысты. Қазақ-Жапон инновациялық орталығында болып, екі елдіӊ оқу орындары арасындағы іскерлік байланыстарға куә болды. Соныӊ нәтижесінде биотехнология, нанотехнология, цитология, малдәрігерлік медицина, микробиология, агроинженерия, тағы басқа стратегиялық-технологиялық әдістердіӊ жаӊа үлгілері іске қосылған.

Университет жанынан "Фермерлер жоғары мектебі" құрылған. Мұнда шаруа қожалықтарыныӊ жетекшілері білімін толықтырады. Жоғарғы мектепте уақыт талабына сай "Экстеншн" халықаралық моделі бойынша дәріс беріліп, консалтингтік қызмет көрсетіледі.

Жиында Қазақ ұлттық аграрлық университеттіӊ ректоры Тілектес Есполов есепті мерзім ішінде атқарылған істер туралы баяндады. Еліміздіӊ аграрлық саласын жаӊа талаптарға сай дамыту, тұрғындардыӊ азық-түлік қажеттілігін толыққанды қамтамасыз ету, ол үшін жаӊа технологияны меӊгерген білікті кадрлар даярлау туралы мәселелерді кеӊінен қозғады.

Жиында сөз алған Алматы облысыныӊ әкімі А. Баталов Жетісу аймағындағы ауыл шаруашылығы саласыныӊ даму бағыты жайлы айтып берді.

- Елбасы өзініӊ биылғы Жолдауында аграрлық саланы экономиканыӊ драйверіне айналдыру туралы айтты. Алматы облысында аграрлық саланыӊ даму әлеуеті зор. Саланы одан әрі өркендету үшін ирригациялық жүйелерді ретке келтіріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін жаӊа технологиямен өӊдейтін жаӊа кәсіпорындар салуды, заманауи жылыжайлар тұрғызуды көздеп отырмыз. Асыл тұқымды мал өсіретін кешендер бой көтерді. Апорт өсіру жолға қойылып, қант қызылшасы қарқын алды, жүгері өсіру ісі жанданды, - деді өз сөзінде облыс басшысы.

Сонымен қатар нақты қолға алынатын инвестициялық жобаларға да тоқталып өтіп:

- Іле ауданыныӊ аумағындағы 500 гектардан астам жерге орналасқан "Береке" индустриялық аумағына Трансұлттық компанияларды инвестор ретінде тартуды көздеп отырмыз. Мәселен, осы аумақта ресейлік "Эко-культура" компаниясымен бірлесіп 60 гектар жерге жылыжай саламыз. Германиялық "Бауман Гмб Х и К" компаниясы қой етін өӊдейтін кешен тұрғызады. Бізге осындай компанияларда жұмыс істейтін білікті мамандар қажет. Сондықтан біз білім-ғылым саласымен бірлесіп жұмыс атқаруды жөн санаймыз. Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірлесіп, "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ауыл шаруашылығы мамандарын жұмысқа тартып, жас мамандардыӊ әлеуетін ауылды жерлерге пайдалансақ, одан үлкен нәтиже шығады деп ойлаймын. Білікті жас мамандар үшін Алматы облысы үлкен өндірістік алаӊ бола алады. Олардыӊ меӊгерген білімін, машығын, инновацияларын біздіӊ өӊірде іс жүзіне асыруға мүмкіндік жасалады, - деді А. Баталов жиын соӊында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны