13.09.2017, 17:43 4378

Алматы облысында "Мектепке жол" акциясы аясында 27 мыӊға жуық балаға көмек көрсетілген

Оныӊ ішінде бюджеттік қаражат есебінен 124 млн. теӊгеге жуық, ал демеушілер мен меценаттар тарапынан 144 млн. теӊгеден астам сомаға жәрдем берілді.

Талдықорған. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Алматы облысында "Мектепке жол" акциясы басталған 1 тамыздан бері 27 мыӊға жуық балаға 268,3 млн. теӊгеніӊ материалдық көмегі көрсетілген. Оныӊ ішінде бюджеттік қаражат есебінен 124 млн. теӊгеге жуық, ал демеушілер мен меценаттар тарапынан 144 млн. теӊгеден астам сомаға жәрдем берілді. Ал өткен жылы осы акция шеӊберінде облыс бойынша 51 мыӊнан астам оқушы жалпы сомасы 427,7 млн. теӊгеге материалдық көмек алған болатын.

Облыстық білім басқармасыныӊ хабарлауынша, биылғы акция "Меніӊ таӊдауым - балаларға көмек көрсету" үндеуімен өтуде. Шараға атсалысушылар қатары жыл санап артып келеді. Акция аясында арнайы рейд ұйымдастырылып, мектепке бармаған балаларды анықтау, сондай-ақ халықтыӊ әлеуметтік қорғалмаған тобынан шыққан балалардыӊ жаӊа оқу жылына дайын болып, қажетті киім-кешекпен және құрал-жабдықтармен қамтылуына қол ұшын созу жұмыстары жүргізілуде. Балаларға тұрақты жәрдемдесіп келе жатқандар қатарында өӊір кәсіпкерлері, меценаттар, "Нұр Отан" партиясы өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар ұжымдары және қарапайым тұрғындар бар.

Айта кету керек, "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мемлекет қолдауыныӊ арқасында тек биылғы жылдыӊ өзінде Алматы облысы бойынша 35 жаӊа мектеп пайдалануға берілмек. Биылғы жылы алғаш рет мектеп табалдырығын 49 000 бүлдіршін аттады.

Естеріӊізге салар болсақ, Білім күніне орай облыстыӊ халқы тығыз орналасқан Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар, Еӊбекшіқазақ, Панфилов және Райымбек аудандарында жалпы саны 24 жаӊа мектеп пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы Алматы облысыныӊ білім беру саласыныӊ бюджеті 153,7 млрд. теӊгені құрады. Оныӊ ішінде білім беру нысандарыныӊ құрылысына 27 млрд. теӊгеден астам қаражат қарастырылған. Өӊірде 48 білім беру нысаныныӊ құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соӊына дейін 44 мектептіӊ 35-і пайдалануға беріледі. Осы мектептердіӊ 23-і үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін болады. Ал 2018 жылы тағы 10 мектеп салу арқылы үш ауысымда оқыту мәселесі толықтай шешілмек. Сонымен қатар, биылғы жылы 24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны