26.07.2016, 17:49 4536

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған демалыс орны ашылды

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Алакөлдіӊ жағалауында кембағал адамдарға арналған "Асар" пансионаты іске қосылды. Бұл - Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы ашылып отырған тұӊғыш демалыс орны.

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған демалыс орны ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Алакөлдіӊ жағалауында кембағал адамдарға арналған "Асар" пансионаты іске қосылды. Бұл - Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы ашылып отырған тұӊғыш демалыс орны.

Өткен жылғы "Startup "Bolashak" байқауына өз жобасын ұсынып, 8 млн. теӊге ұтып алған Елдос Баялышбаев осы істі қолға алған болатын.

Жалпы алаӊы 170 шаршы метрден асатын пансионат бір мезгілде 30 адамды қабылдайды.

Оныӊ құрылысын "Жай ғана үй" құрылыс компаниясы жүргізген. Мұнда тренажер залы, инватакси, кедергісіз жол, суда жүзу жаттықтырушылары қызмет көрсетеді.

Жалпы, "Болашақ" қауымдастығы қызметініӊ бір тармағы - жастар кәсіпкерлігін дамыту. Қауымдастық "Startup "Bolashak" байқауын "Даму" қорымен бірлесіп өткізуде. Жоба әлеуметтік және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған. Өткен жылғы байқаудыӊ бірінші маусымына еліміздіӊ түкпір-түкпірінен 18 бен 29 жас аралығындағы екі мыӊнан астам жас қатысқан. Оныӊ жеӊімпаздары бүгінде өз кәсіптерін дөӊгелентіп, халыққа пайдалы істерді атқарып жүр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны