26.01.2007, 16:20 3298

Алматы орталығында өзін өзі атып өлтірген отставкадағы полиция полковнигі тұрғын үй нарығының құрбаны болды - журналисттік тергеу

АЛМАТЫ. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы орталығында өзін өзі атып өлтірген отставкадағы полиция полковнигі тұрғын үй нарығының құрбаны болды, деп жазады журналисттері жеке тергеу жүргізген "Караван" апталығы.

Естеріңізге сала кетейік, үйі бұзылуға тиіс 48 жасар М. Бейсебаев 15-қаңтар күні бірнеше куәгерлердің көзінше өзін өзі қол жұмсаған. "Бұл полковниктің өз үйін сақтап қалу үмітін біржолата жоқ қылған сот отырысынан кейін болды",-деп жазады авторлар.

"Полковник Бейсебаевты жақсы білетін адамдар, оның өзіне қол жұмсауына тек қатты толқу ғана итермелеуі мүмкін, деген сенімде",- деп жазылған мақалады. ІІМ жоғары лауазымды қызметкерлерінің сөздеріне сүйенсек (М. Бейсебаев зейнеткерлікке шығар алдында министрлік штабында бөлім бастығы лауызымын атқарған), ол "жігерлі азамат болатын, ешкім ешқашан оның күйзелген күйін көрген емес". "Оны ашуландыру мүмкін емес, мінезі қатал болатын. Ол өзін өзі өлтіруге мүлдем қарсы болатын",- деп жазылған газет бетінде.

Авторлар "отставкадағы полиция полковниігінің өзіне өзі қол жұмсағанынан кейін полиция "өзіне өзі қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуге құлықсыздықтарын жасырмаған болатын", деп жазады. Бірақ, бұл оқиға полиция мен прокуратураның алғашқы жоспарларынан бас тартуларына мәжүбүр еткені белгілі. "Бізге Медеу АІІБ тергеушісі өзін өзі өлтіру дерегу бойынша жиналған барлық материалдарды Алматы қаласының ІІД тергеу басқармасына жібергені белгілі болды. Сараптама белгіленген, бірақ полиция өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша тергеудің аяғы не болатындығы туралы айтпай отыр",- деп жазады авторлар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны