09.11.2016, 16:59 3706

"Алматы Тауэрс" ғимаратындағы өрт кезінде қаза болғандардыӊ отбасыларына 3 млн. теӊгеден материалдық көмек көрсетіледі

"Алматы Тауэрс" ғимаратындағы өрт кезінде қаза болғандардыӊ отбасыларына 3 млн. теӊгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы оқиға болған жерге барған Алматы әкімі Бауыржан Байбекке "Алматы Тауэрс" басқарушы компания өкілі Аблимит Рахматуллаев баяндады, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 9 қараша. Kazakhstan Today - "Алматы Тауэрс" ғимаратындағы өрт кезінде қаза болғандардыӊ отбасыларына 3 млн. теӊгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы оқиға болған жерге барған Алматы әкімі Бауыржан Байбекке "Алматы Тауэрс" басқарушы компания өкілі Аблимит Рахматуллаев баяндады, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Қала әкімі қаза болғандарға көӊіл айтып, олардыӊ отбасыларына жан- жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

"Қазіргі кезде оларға барынша үлкен көмек көрсетіп, жерлеу мен оған кететін шығындар мәселелерініӊ барлығын шешу қажет. Ешкім назардан тыс қалмасын. Комиссия барлық тексеру жұмыстарын ашық және жариялы түрде жүргізеді. Қысқа мерзім ішінде толық есеп берілуі тиіс", - деп атап өтті Б.Байбек.

Өз кезегінде "Алматы Тауэрс" басқарушы компания өкілі өрт кезінде қаза болғандар отбасыларына бүгіннен бастап материалдық көмектіӊ берілетінін айтты.

"Осы қайғылы оқиға барысында мерт болғандардыӊ отбасыларына көӊіл айтамыз. Біздіӊ компания басшылығы барлық қайтыс болғандар отбасыларына 3 млн. теӊгеден қаржылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл төлемдер бүгіннен бастап беріледі", - деді А.Рахматуллаев.

"Батут орталығы" ЖШС директоры Даурен Тұяқов жерлеу рәсіміне көмек көрсетіп, зардап шеккендерге өтемақы төлейтіндіктерін жеткізді. Қаза болғандар оқитын ЖОО да материалдық көмек көрсететін болады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментініӊ бастығы Серік Иубәкіров өрттіӊ шығуына қатысты қайғылы оқиғаныӊ дәнекерлеу жұмыстары барысында қауіпсіздік ережелерініӊ сақталмауынан немесе апатты жағдайдағы электр қондырғыларынан болуы мүмкін деген екі болжамныӊ қарастырылып жатқандығын айтты.

"Икім өрттіӊ неден болғандығын жете тексеру жөнінде тапсырма берді. Осыған орай, оқиға орнында ТЖД-ніӊ арнайы зертханасы жұмыс істеуде. Оқиға орны тексерілді, оны ҚР ІІМ-ініӊ өрт қауіпсіздігі Институты мен Төтенше жағдайлар жөніндегі азаматтық қорғаныс Комитетініӊ арнайы маамандары жүргізді", - деп атап өтті С.Иубәкіров.

Бұдан өзге, Алматы қаласы ІІД бастығыныӊ орынбасары Ізбасар Бектұров қайғылы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 292-бабыныӊ 3 тармағы (өрт қауіпсіздігі ережесініӊ сақталмауы салдарынан екі және одан да көп адамныӊ қаза болуы) бойынша қылмыстық іс қозғалғандығынан хабардар етті. Тергеу шаралары жүргізіліп, қаза болғандардыӊ жеке бастары анықталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны