16.03.2010, 17:31 3335

Алматыда 2010 жылдың 27-28 сәуiрінде Еуразия Mедиа Форумының IX конференциясы өтеді

Алматыда 2010 жылдың 27-28 сәуiрінде Еуразия Mедиа Форумының IX конференциясы өтеді

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда 2010 жылдың 27-28 сәуiрінде әлемнің әр түкпірінен келген медиасарапшылар, ғалымдар, саясаткерлер, журналистер және кәсіпкерлердің қатысуымен Еуразия Mедиа Форумының (ЕАМФ) IX конференциясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ЕАМФ Ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Еуразия Медиа Форумы конференциясына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жоғары басшылығының өкілдері, ғаламдық әлемдік медиа қоғамының басшылары, аналитикалык орталықтар мен өзге де халықаралық ықпалды ұйымдардың жетекшілері қатысады.

Еуразия Медиа Форумы әдеттегiдей халықаралық өмiрдiң басты оқиғалар мен олардың дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуын назарда ұстайды.

Еуразия Медиа Форумының тоғызыншы конференциясының күн тәртібі төмендегідей тақырыптарды белгіледі: "Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің мән-маңызы"; "Иран ядролық бағдарламасы бойынша жұмыстың жандандуы және нәтижесінде ресми Теһран мен Батыс арасындағы саяси қарым-қатынастың ушығуы"; "БАҚ-тың белгілі оқиғалар мен құбылыстарға сындарлы әрі жауапкершілікпен үн қатуы"; "Интернет аумағы және БАҚ бостандығын реттеу"; "Саяси имидж мәселесі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны