29.05.2017, 16:29 4187

Алматыда 472 жаӊа аула алаӊдары салынады

Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да атқарылады. Мысалы, Алатау ауданында 15 аула, Алмалы ауданында - 80, Иуезов ауданында- 50, Бостандық ауданында - 60, Жетісу ауданында - 50, Медеу ауданында - 120, Наурызбай ауданында 17 аула жасалады.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыныӊ 8 ауданында биыл 472 жаӊа аула алаӊдары салынады. Аула аумақтарын абаттандыру жөніндегі қалалық бағдарлама аясында балалар және спорт алаӊдары, тренажерлер мен ойын кешендері пайда болады.

Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты,резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардыӊ спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады.

"Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жаӊа аула алаӊдары салынады. Бұл жөндеу емес, жаӊадан салу деген сөз. Кіші архитектуралық формалалар - алтыбақандар, турниктер, орындықтар, урналар болады, баллар және спорт алаӊдары ашылады. Бұлардан өзге, аулаларға жарық көздері орнатылып, асфальт төселеді", - деді Түрксіб ауданыныӊ әкімі Владимир Устюгов.

Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да атқарылады. Мысалы, Алатау ауданында 15 аула, Алмалы ауданында - 80, Иуезов ауданында- 50, Бостандық ауданында - 60, Жетісу ауданында - 50, Медеу ауданында - 120, Наурызбай ауданында 17 аула жасалады.

Атап өтерлік жайт, 2016 жылы қалада 290 аула көріктендірілген болатын. Осы жұмыс аясында балалар алаӊдары үшін жаӊа қоныдырғылар, урналар, орындықтар алынып, аула іштерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны