28.07.2008, 10:07 1376

Алматыда адал емес құрылыс компанияларынан тәркіленетін нысандардың құрылысын аяқтайтын кәсіпорын құрылуда

Алматыда адал емес құрылыс компанияларынан тәркіленетін нысандардың құрылысын аяқтайтын кәсіпорын құрылуда

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда адал емес құрылыс компанияларынан тәркіленетін және қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өткізілетін нысандардың құрылысын аяқтау үшін әкімдіктің 100 пайыздық жарғылық капиталы бар кәсіпорын құрылуда. Бұл туралы сенбі күні үлестік құрылыс проблемасы жөніндегі жиналыста қала әкімінің орынбасары Виктор Долженков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

В. Долженковтың хабарлауынша, қалада үлескерлер мәселелері жөніндегі комиссия құрылған. "Алматы қаласы әкімі аппаратының күрделі құрылыс кәсіпорыны" МКК негізінде Алматы қаласы әкімдігінің 100 пайыздық жарғылық капиталы бар ЖШС құрылуда. ЖШС негізгі міндеті адал емес құрылыс компанияларынан тәркіленіп және қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өткізілетін нысандардың құрылысын аяқтау болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны