13.07.2015, 17:36 3579

Алматыда арзан пәтер алып беремін деп 15 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Алматы полициясы арзан пәтер алып беремін деп 15 адамды алдап кеткен келіншекті ұстады. Алаяқ әйел бұрын да осындай қылмысы үшін жазасын өтеу орнында отырып шыққан

Алматы. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Алматы полициясы арзан пәтер алып беремін деп 15 адамды алдап кеткен келіншекті ұстады. Алаяқ әйел бұрын да осындай қылмысы үшін жазасын өтеу орнында отырып шыққан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еш жерде жұмыс істемейтін әйел жұртқа өзін жылжымайтын мүлік сарапшысы ретінде таныстырып келген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Ол азаматтарды тиімді ақшаға арзан бағамен үй алып беремін деп сендіріп келген. Бұл "мүмкіндік" туралы адамдар бір-бірінен естіп, бірте-бірте үлкен клиенттік база қалыптасты. Олар әйелге қалтқысыз сеніп, ірі көлемде ақшаны ойланбастан беріп отырған", - деді Иуезов аудандық ішкі істер басқармасыныӊ бөлім басшысы Мұрат Қаспақбаев.

Келіншек адамдардан ақша алғандығын мойындап отыр. Бірақ ол қарызға алдым деп жалтарған.

"Оныӊ әрекетінен жапа шеккен адамдардыӊ саны 15-тен де артық болуы мүмкін. Оны таныған адамдар болса, полицияға келуін болмаса 298-53-71, 298-53-72 телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын өтінеміз", - деді полиция қызметкері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны