03.07.2018, 18:59 3305

Алматыда Астана күні қалай аталып өтеді

1 - 8 шілде аралығында оӊтүстік астанада Астананыӊ 20 жылдығы құрметіне орай салтанатты шаралар өтеді. Мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін құрамына көрмелер, конкурстар, спорт сайыстары және басқалары енген арнайы бағдарлама дайындалған.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - 1 - 8 шілде аралығында оӊтүстік астанада Астананыӊ 20 жылдығы құрметіне орай салтанатты шаралар өтеді. Мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін құрамына көрмелер, конкурстар, спорт сайыстары және басқалары енген арнайы бағдарлама дайындалған.

Мысалы, алматылықтар 1 шілдеде Ұлттық Домбыра күні мерекеледі, "Астана" алаӊында "Ин мен әнші" Ұлы дала Астаналарында" концерті, ал Жамбыл атындағы кітапханада Астананыӊ 20 жылдығына қатысты ғылыми конференция өтті.

3 шілдеде сағат 11:00-де метроныӊ "Байқоӊыр" бекетінде "Меніӊ елімніӊ бас қаласы" фотокөрмесі,Жібек Жолы бойында сағат 11.00-де "Құрақ қөрпе"тігудіӊ шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Бұлардан өзге сағат 17:00-де Жас суртешілер Орталығында FOYA Жас суретшілерініӊалғашқы Фестивалі ашылады. Мұнда шындық элементтері айшықталған Қазақстандағы бірінші көрме көпшілікке ұсынылады. Көрермендер өнермен тек визуальды ғана емес, сонымен қатар өз гаджеттерімен үндеседі. Бұл үшін "Өнер up" қосымшасы жасалды, ол өнерді цифрландыру құралы болумен қатар арт обьектілерді "тірілтіп" көрсетеді. FOYA фестивалініӊ арқасында көпшілікке қолжетімді "Өнер Place" - галереясын тамашалуға болады, оған жас суретшілер өз шығармаларын тегін қоюмен қатар өнер мен ғылым жайында лекцилар да тыӊдайды. Көрмеге келушілер астана келбетіне тамсана отырып, классикадан бастап street art көреді. Көрмеге жас суретшілер Repas, Shaman Neon, Pamamurty, Tig crew, Алмаз Нұрғожаев және басқалары қатысады.

4 шілдеде сағат 11.00-де Жібек жолы бойында "Мүмкіндіктер уақыты" вакансиялар жәрмеӊкесі өтеді. Оған 150 жұмыс беруші қатысып, 1000-нан астам вакантты орын ұсынылады. Қала артистерініӊ қатысуымен концерт, "Астана жүрегімде" флешмоб, "Паlayparty" палауын ұсыну, "Асыл қазына" және "Ел жүрегі - Астана" фотокөрмесі, мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы жандар жасаған "Ата өнері - ұрпаққа мұра" атты қолдан жасалған бұйымдар жәрмеӊкесі, қала тұрғындары мен қонақтары үшін астананыӊ мерейлі жасына орай арнайы жасалған 20 метрлік торттан дәм тату шаралары ұйымдастырылады.

Осы күні сағат 11:00-де Панфилов көшесінде Open air Art gallery "Astana 20 year" өтеді.

5 шілдеде сағат 11:00-де Алатау ауданы әкімдігініӊ ғимараты жанында, Иуезов ауданындағы "Гранд парк" ОСО-да, Медеу ауданындағы ОДМС-да, Түрксіб ауданындағы "МАРТ Vilage" ОСО-да мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

6 шілдеде сағат 11:00-де Алмалы ауданындағы Жібек Жолы бойында,Бостандық ауданындағы "MEGA Center" ОСО-да, Жетісу ауданындағы "Гүлдер" паркінде,Наурызбай ауданы әкімдігініӊ ғимараты жанында да мерекелік концерттер ұйымдастырылады. "Астана" алаӊы бас концерт ошағына айналады, мұнда сағат 18:00-де отандық эстрада жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарына "Астана - бас қала" концерттік бағдарламасын ұсынады.

Бұлардан өзге, 6 шілдеде сағат 17:00-де Панфилов көшесінде асфальтқа сурет салу конкурсы, жастардыӊ Art Party және басқа да шаралар өтеді.

7 шілдеде сағат 12:00-17:00 аралығында Панфилов көшесі бойында қуыршақ театры өзініӊ "Zoo show" қойылымын көрсетеді. Сағат 14:00-де Жібек Жолы бойында балалар шығармашылығыныӊ концерті ұсынылады. Сағат 16:00-де ҚазМемциркте цирк көріністері өтеді. Сағат 17:00 - "Алатау" ДӨТ-да "Ұлы дала елі" халықаралық этнофестивалі өтеді. Мерекелік шаралар сағат 20:00-де Жібек жолы бойында өтетін жастар концертімен қорытындыланады.

8 шілдеде таӊғы сағат 5:00-де "Шымбұлақта", "Нұрсұлтан" шыӊына дейін альпиниада өтеді. Жексенбіде сағат 9:00-де "Нұрлы Тау" БО-нан веложарыс басталады, мерекелік шаралар сағат 20:00-де Жібек жолы бойында өтетін жастар концертімен қорытындыланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны