23.07.2013, 14:26 3364

Алматыда автокөлік қозғалысы шектелді

Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын және алдын ала өз қозғалыстарының бағдарын түзетулерін сұрайды, деп хабарлайды қаланың ЖПБ баспасөз қызметінен.

Алматы. 23-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын және алдын ала өз қозғалыстарының бағдарын түзетулерін сұрайды, деп хабарлайды қаланың ЖПБ баспасөз қызметінен.

Осылайша, қазіргі уақытта әл-Фараби даңғылына орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Достық даңғылынан Ремизовка кентіне қарай бұрылысқа дейін автокөлік жүрісі шектелді.

Саин көшесінен оңтүстікке қарай және Ұлықбек даңғылынан солтүстікке қарай, сондай-ақ Төле би көшесінен оңтүстікке қарай жер асты жаяу жүргіншілер жолының салынуына байланысты жүргіншілер жолы тарылып, көлік қозғалысы қиындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны