25.06.2018, 23:34 7233

Алматыда Баум бағын абаттандыру басталды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ коммуналдық мешігіне қайтарылған Баум бағын абаттандыру жұмыстарыныӊ барысымен танысты. Табиғи ескерткіштіӊ аумағы 139,5 га, мұнда 100 мыӊнан астам жасыл желек бар.

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ коммуналдық мешігіне қайтарылған Баум бағын абаттандыру жұмыстарыныӊ барысымен танысты. Табиғи ескерткіштіӊ аумағы 139,5 га, мұнда 100 мыӊнан астам жасыл желек бар.

Парк аумағыныӊ периметрі бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойына жұмыс істейтін төрт полиция нүктесі қойылған.Полиция нүктелері қала мәслихатыныӊ депутаты Қайрат Құдайбергенніӊ жеке қаржысы есебінен жұмыс істеуде. Бақ айналасын жас патрульшілдердіӊ бақылауы қарастырылуда. Эко стильдегі навигациялық тақташалар ілініп, бұрын жығылған ағаштардан жасалған 20 оырндық қойылған.

Жүргізілген мониторинг кезінде бақтыӊ 2,5 га жерін жеке адамдардыӊ және көлік тұрағын жасау үшін автосалон иелерініӊ өз беттерімен басып алғандары анықталды. Мегаполис басшыс заӊға сәйкес бақтыӊ басып алынған жерлерін қайтаруды және жасылдандыруды тапсырды.

"Қалалықтардыӊ демалуы үшін капитал шығынысыз және экологияға барынша аз әсер етіп, жайлы жағдай жасау қажет.Ғалымдарды тарта отырып, жасыл желекті қорғау және ұлғайту қажет, топырақтыӊ және климаттыӊ ерекшелігі ескеріліп, ағаштар сапалы күтілуі тиіс.Аллеяны жарықтандыру үшін жаӊарған энергия көздерін пайдаланған жөн, өйткені табиғи аймақ ерекше қорғалады және мұнда инженерлік желілерді жүргізуге болмайды", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Баум бағында қайыӊ алаеясын жасау, терек, тал ағаштарын отырғызу жоспарланған. Шілде айында ағаштардыӊ иммунитетін жақсартатын және оны зиянкестерден қорғайтын заманауи препараттар сатып алынып, биологиялық өӊдеу жұмыстары атқарылады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеӊейту міндеті қойылған.


Бұлардан өзге, бақ айналасы санитарлық тазалықтан өтуде. Тек соӊғы сенбілік кезінде осы жерден 43 самосвал қоқыс шығарылды. Бақ аумағында итті серуендететін алаӊ мен балалардыӊ ағаш қалашығы пайда болады. Бақтыӊ сыртқы жағын жарықтандыру жүйесі жаӊарады, Үлкен Алматы каналы аумағында балалар алаӊы жасалады.

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жазда 157 көше жөнделеді, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаӊа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге мегаполистіӊ бірқатар негізгі даӊғылдары түгелдей жаӊарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны