11.05.2011, 13:38 4842

Алматыда белгісіз біреу интернет клубқа жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлап, 18 адам қауіпсіз жерге шығырылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 10 мамыры күні "102" телефонына Алматы қаласының Иуезов пен Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан интернет-клубтардың біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді ақпарат келіп түскен.

Астана. 11 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда белгісіз біреу интернет клубқа жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлап, 18 адам қауіпсіз жерге шығырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 10 мамыры күні "102" телефонына Алматы қаласының Иуезов пен Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан интернет-клубтардың біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді ақпарат келіп түскен.

Осыған байланысты арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп, 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 12 балалар. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.

Бұл шараға төтенше жағдайлар саласы жеке құрамының 3 қызметкері мен Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 2 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны