16.09.2017, 10:27 5115

Алматыда Depo Evolution Parkте жастардыӊ лофт - орталығы ашылды

Алматыда ""Рухани жаӊғыру"" бағдарламасы және қала жастарын қолдаудыӊ Жол картасы аясында бұрынғы трамвай депосыныӊ орнында жастардыӊ лофт- орталығыныӊ бірінші кезегі ашылды. Дәл осы күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысқан "Art Energy Almaty" - "WORK IN PROGRESS" фестивалі өтті.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today -Алматыда ""Рухани жаӊғыру"" бағдарламасы және қала жастарын қолдаудыӊ Жол картасы аясында бұрынғы трамвай депосыныӊ орнында жастардыӊ лофт- орталығыныӊ бірінші кезегі ашылды. Дәл осы күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысқан "Art Energy Almaty" - "WORK IN PROGRESS" фестивалі өтті.

Жастардыӊ лофт-орталығыныӊ бірінші кезегінде коворкинг-орталық, еріктілер қозғалысы орталығы, Creative Zone (жас суретшілер орталығы және галерея), жастардыӊ ресурс орталығы жатақханаларға кураторлықтыӊ орталық біөлемшесі және селолық жастармен жұмыс орталығы,workout-center және басқалары бар. Сонымен, мұнда жастарға қызмет көрсету аймағы, 5 шеберхана, English club және мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 10 білім секциялары және басқалары қызмет көрсетеді. Жаӊа лофт- орталықта жастардыӊ 25 ҮЕҰ түрі шараларды ұйымдастырады, олардыӊ тұрақты жұмыстарына 3 мыӊнан астам адам тартылады.

"Жастар саясаты саласы қаланыӊ барлық жастарын өзініӊ айналасына шоғырландыртатын осындай орталыққа мұқтаж болатын.Жыл сайын жастардыӊ жалпы саны артуда, түрлі форматтағы шалалар да жиі ұйымдастырылуда. Лофт- орталықта жас адам қажетті барлық ақпаратты алады және өз мақсатын жүзеге асыру үшін тиісті қолдау да табады"-, деп атап өтті қаланыӊ Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Шыӊғыс Бескемпіров.

Айта кетерлігі, ч Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Алматыда 2017 жыл "Жастар жылы" деп жарияланған еді. Жасалған Жол картасы аясында жастар практикасыныӊ квотасын арттыру жоспарланған, 6 мыӊнан астам адам кәсіби дайындықтан өтеді, студенттік жатақханалар салынуда, Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірге ерекше бағдарлама жасалып, соныӊ арқасында жастар жеӊілдетілген заем арқылы жаӊа пәтерге қол жеткізе алады. Мамыр айында әуезов ауданында жастарға тегін білім беретін "Бағдаршам" орталығы ашылса, осы жақында Алатау ауданындағы Атлеттер ауылында Жастармен жұмыс орталығы жұмысын бастады.

Алматы әкімі "Art Energy Almaty" - "WORK IN PROGRESS" фестиваліне қатысып, қала қауымдастығы өкілдерімен ашық сұхбаттасты.

"Art Energy Almaty" - "WORK IN PROGRESS" - қала қауымдастығы мен ішкі қалалық коммуникациялардыӊ билікпен,бизнеспен, бастамашыл қауымдастықпен, қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасу фестивалі.

Фестиваль барысында бірқатар қауымдастықтар экология, салауатты өмір салты, зооқорғау, қайырымдылық,транспорт,архитектура және қала кеӊістігі, бизнес және әлеуметтік кәсіпкерлік, технология жөнінде өз жобаларын ұсынды. Ағымдағы және болашақ өзгерістерді үйлестіруге, билік пен қалалықтардыӊ бастамашыл жеке бірлестіктерініӊ коммуникациялық каналдарына, бизнестіӊ қала алдындағы әлеуметтік,мәдени жауапкершілігіне, қалаға пайдалы азаматтық жобаларды қаржыландыруға, қоғамдық мәдени жобалардыӊ жаӊа "инфрақұрылымдарына" арналған "Қалалық диалог" атты панелді пікірталастар өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны