13.04.2018, 09:53 6159

Алматыда егде адамдарға жүйелі қолдау көрсетілетін болады

Алматы қаласыныӊ әкімдігі егде адамдарды белсенді өмірге тарту, олардыӊ әлеуетін тиімді пайдалану, ұрпақтар үндестігін қалыптастыру,аға ұрпақты қолдау мақсатында "Белсенді ұзақ өмір" атты Жол картасыныӊ жобасын жасады

Алматы . 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ әкімдігі егде адамдарды белсенді өмірге тарту, олардыӊ әлеуетін тиімді пайдалану, ұрпақтар үндестігін қалыптастыру,аға ұрпақты қолдау мақсатында "Белсенді ұзақ өмір" атты Жол картасыныӊ жобасын жасады. Бүгін қаланыӊ Қоғамдық кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек егде адамдарға жақсы жағдай жасауға бағытталған жоба туралы айтты.

Бауыржан Байбек биылғы жылы елімізде ауқымды әлеуметтік реформалар - Мемлекет басшысыныӊ Бес әлеуметтік бастамасыныӊ қолға алынғандығын атап өтті. Халықтыӊ барлық тобыныӊ мүддесін қорғайтын бұл бастама азаматардыӊ өмірін жақсартуға, қоғамныӊ әлеуметтік бірлігін нығайтуға бағытталған. Алматы қаласыныӊ 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасыныӊ басты негізі - әр адамға деген қамқорлық. Аталған Бағдарламаныӊ басты ерекшелігі мұнда жастарға, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға, яғни адамдардыӊ барлығына тиісті қолдау көрсетіледі.

"Еӊ алдымен біз әлеуметтік қолдауға зәру жандарға көмек көрсетеміз. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша мемлекеттік бала бақшалардыӊ ақысы екі есе төмендеді. Алматыда қабылданған Жастарға қолдау көрсету картасы аясында студенттер жатақханасы салынуда, жас отбасылар пәтер алу үшін алғашқы төлемсіз 5%-дық несие алады. Дегенмен, азаматтар арасында қамқорлықты қажет ететін тағы бір топ бар. Олар - бүгінгі күні Алматыныӊ 12 пайызын құрайтын егде жандар. ЭЫДҰ мүше елдерде 60 және одан да жоғары жастағылар зейнетақымен шектелмей, толыққанды өмір сүруде. Біздіӊ қарттарымыз да өздерін тыӊ әрі қамқорлықта екендіктерін сезінулері тиіс.Сондықтан биылғы жылды біз Алматыда аға ұрпаққа қолдау көрсету аясында өткізетін боламыз", - деді Бауыржан Байбек.

Денсаулық сақтаудыӊ Бүкіләлемдік ұйымыныӊ мәліметтері бойынша зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту олардыӊ жақсы өмір сүрулері мен ұзақ жасауларыныӊ басты құралы болып табылады. Қазіргі кезде Алматы қаласында 222 мыӊ зейнеткер бар немесе олар жалпы тұрғындардыӊ 12,5% құрайды.

Алматы қаласыныӊ әкімдігі егде адамдарды белсенді өмірге тарту, олардыӊ әлеуетін тиімді пайдалану, ұрпақтар үндестігін қалыптастыру,аға ұрпақты қолдау мақсатында "Белсенді ұзақ өмір" атты Жол картасыныӊ жобасын жасады. Жобаны жасау барысында жалпы сараптама жүргізілді, халықаралық тәжірибе зерттелді, сарапшылар мен ҮЕҰ-дар тартылды.

Жобаны жүзеге асыру аясында белсенді ұзақ өмір Орталығы құрылады, мұнда кітапхана, ЕДШ-дыӊ фитнес-залы, емдік йога, аэробика, шахмат, тоғызқұмалақ, домино және басқа да залдар жұмыс істейді. Орталықта компьютрлік ағартудыӊ, ағылшын тілініӊ курстары, мотивациялық семинарлар мен шеберлік сыныптары ашылады. Қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастықта күн сайын тегін заӊгерлік, психологиялық, медициналық консультациялар көрсетіледі.

"Ир адамныӊ қызығушылығы бойынша клубтар жұмыс істейді, мысалы парктер мен скверлерде скандинавиялық әдіспен жүру, топ болып музейлерге, театрларға, көрмелерге және басқаларға бару ұйымдастырылады. Жол картасыныӊ маӊызды бөлігі ұрпақтар үндестігі - жастар мен егде жандардыӊ үйлесім табуы, ол үшін біріккен экскурсиялар, ойындар, түрлі шаралар қарастырылған", - деді Алматы қаласыныӊ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Мейіржан Отыншиев.

Халықты кеӊ қамту үшін коммуналдық және коммерциялық меншік негіздерінде әлеуметтік клубтар ашылады. Ирбір бизнесмен тегін жұмыс істейтін әлеуметтік клуб ашу туралы өтінім бере алады,олардыӊ тұрақты әрі жүйелі жұмысы үшін меморандум жасалады. Биылғы жылы қаланыӊ барлық аудандарында 40-қа жуық әлеуметтік клубтар ашу жоспарланған.

Ақылы бассейндер, спорт залдары, би студиялары сияқты инфрақұрылымдардыӊ қолжетімділігі әрі денешынықтырумен және спортпен апта сайын айналысуы үшін әр ауданныӊ орташа 100 зейнеткерін қамтитын әлеуметтік жоба жасалды.

"Біз ауылшаруашылық туризмніӊ тиімді құралы болып табылатын әрі әлемде баламасы жоқ Агро-краудсорсинг жобасын қолға алуды жоспарладық. Ол үшін ауылшаруашылығына қатысты жер учаскесі бөлінеді және базалық инфрақұрылымды ұйымдастыратын оператор белгіленеді. Көшеттер мен қажетті заттар операторлар мен жеке инвесторлар есебінен атқарылады. Ауылшаруашылық өніміне кеткен шығынды өтеу үшін өнімніӊ 30%-ын оператор, алады, ал қалған 70%- ы зейнеткерге тиесілі, ол өзі пайдаланады немесе жәрмеӊкеге апарып сатуына болады",- деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы.

Алматыда биылғы жылы Жол картасы аясында зейнеткерлерді қаланыӊ белсенді өміріне тарту үшін 100-ден астам мәдени- спорттық, интеллектуалды шаралар өткізіледі. Мысалы, "Таланттар конкурсы", "Алматы- меніӊ сүйікті қалам" фотокөрмесі және зейнеткерлер үшін арнайы бос орындар жәрмеӊкесі.

Егде жандар арасында әлеуметтік туризмді дамытуға айрықша назар аударылады. Осы мақсатта қалалық және таулы бағыттар, экотуризм аймақтары, топтық серуендер, туристік нысандарды жаяу аралау, туризм бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Қоғамдық кеӊестіӊ отырысында Жол картасын талқылау барысында арнайы Ata-Apa.kz интернет- порталын құру ұсынылды, мұнда егде жандарға пайдалы ақпараттар, әлеуметтік және мемлекеттік бағдарламалар, еӊбек биржасы және басқалар туралы хабарлар жаряиланады. Мысалы, егер зейнеткер репетитор қызметін көрсеткісі келсе, үйінде отырып ұзақ өмір сүру Орталығына телефон шалып, өзі туралы мәліметтерді қалдыра алады.

Бұлардан өзге, бірыӊғай Call-center құру да қарастырылған, мұнда сенім қызметі ұйымдастырылып, әлеуметтік қызмет пен нысандар туралы ақпарат алуға болады. Бұқараға көрсетілетін әлеуметтік қызметтіӊ спаасын арттыру үшін әлеуметтік зерттеулер мен қызмет алушылардыӊ пікірін білу тұрақты жүргізіледі.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде Алматыда егде жандарға барынша назар аударылып, қолдау көрсетілуде. Жыл сайын 4 мыӊ зейнеткер санаториялық-курорттық жолдамалар алады. Илеуметтік жағдайы төмен 17 мыӊ зейнеткерге, оныӊ ішінде 2 мыӊнан астамына коммуналдық қызмет төлемі бойынша көмек беріледі. Егде жастағы зейнеткерлерге қоғамдық көлікте 50% жеӊілдік көрсетіледі, 75 жастан асқандар жолаушылар көлігімен тегін жүреді. Спорт ұйымдарында да 50% дейін жеӊілдіктер бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны