06.12.2007, 16:47 3008

Алматыда екі жол торабын пайдалануға беру 2008 жылдың көктеміне дейін кешіктіріледі

Алматыда екі жол торабын пайдалануға беру 2008 жылдың көктеміне дейін кешіктіріледі

Алматы. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда екі жол торабын пайдалануға беру 2008 жылдың көктеміне дейін кешіктіріледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы әкімшілігінің ресми басылым органына сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, үстіміздегі жылы ашылуға тиіс Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов және Кудерин көшелерінің қиылысындағы жол тораптары үйлерді бұзудағы мәселелерге байланысты пайдалануға тек келесі жылдың көктемінде ғана беріледі.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізімінде екі жол торабына 3 млрд теңгеден бөлу туралы көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны