10.09.2009, 15:01 3215

Алматыда Германия Федеративтік Республикасының жаңа бас консулы жұмысқа кірісті

Алматыда Германия Федеративтік Республикасының жаңа бас консулы жұмысқа кірісті

Алматы. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Германия Федеративтік Республикасының жаңа бас консулы Герольд Амелунг жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматыдағы Германияның бас консулдығына сілтеме жасап.

Бас консулдықтың ақпаратына сәйкес, доктор Г. Амелунг кеше, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен экзекватура алғаннан кейін ресми түрде бас консул қызметін атқаруға кірісті.

Бұған дейін Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы бас консулы міндетін Ханс-Юрген Кайльхольц атқарып келді.

Г. Амелунг осы жолғы тағайындауға дейін Германия Федеративтік Республикасының Осака-Кобе қалаларындағы бас консулы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны