23.06.2018, 23:27 11568

Алматыда халықаралық "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" фестивалі өтуде

Екі күн бойына фестиваль қонақтары кәсіби бүркітшілердіӊ, шабандоз жігіттер мен көкпаршылардыӊ, садақ атушылардыӊ, палуандардыӊ жекпе- жегін,ат үстінде тұрып жерден тиын алатын жігіттердіӊ шеберлігін тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм тататын болады.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan Today - Алатаудыӊ көркем етегіндегі "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде халықаралық "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі өтуде, оған Қазақстанныӊ, Венгрияныӊ, Монғолияныӊ, Украинаныӊ, Башқұртстанныӊ, Тыва мен Дағыстанныӊ, Якутияныӊ,Алтайдыӊ, Қалмақия мен Бурятияныӊ, Қырғызстанныӊ және басқаларыныӊ өкілдері қатысуда.

Екі күн бойына фестиваль қонақтары кәсіби бүркітшілердіӊ, шабандоз жігіттер мен көкпаршылардыӊ, садақ атушылардыӊ, палуандардыӊ жекпе- жегін,ат үстінде тұрып жерден тиын алатын жігіттердіӊ шеберлігін тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм тататын болады. "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" фестивалі ниет білдірушілердіӊ барлығына қазақтар мен түркі елдерініӊ бай мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.

"Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі ұлттық мәдениетті насихаттаудыӊ тиімді әдісі. Біздіӊ қонақтар, әсіресе шетелдіктер қазақтардыӊ мәдениетін тез ұғынып, әдет- ғұрыптардыӊ мәніне, декоративті- қолданбалы өнердіӊ эстетикасына, номадтардыӊ жыраулық қасиетіне, көшпенділердіӊ көне дәстүрі мен тұрмысына "тереӊ бойлап", ұлттық ат ойындарын тамашалап,даланыӊ киесі мен рухын сезінетін болады", - деп түсінік берді қаланыӊ Мәдениет басқрмасыныӊ басшысы Ханзада Есенова.

Аталған шараға қызығушылық білдіргендердіӊ барлығыныӊ түрлі сайыстар мен викториналарға қатысуына, бағалы сыйлықтар алуына, ұсталық жұмыс пен зегерлік бұйымдар жасаудыӊ әдісін үйренуге, ұлттық ас мәзірініӊ рецептерін алуға, көшпелі елдер өнерініӊ тереӊ сырына үӊілуіне, шағын киіз үйді құрып, қайта жинауға мүмкіндіктері мол. Кішкентай көрермендер үшін танымдық көӊілді шаралар ұйымдастырылған. Фестиваль қонақтарына этникалық музыканыӊ әлемдік жұлдыздарыныӊ, соныӊ ішінде "Сазген сазы" этно- фольклорлық ансамблініӊ, "Ұлытау", "Алашұлы", "Самрад" топтары мен басқаларыныӊ концерті ұсынылады.


Шара 24 маусымға дейін созылады, кіру тегін.Фестиваль қонақтарына ыӊғайлы болу үшін сағат 8:00 - 19:00 аралығында "Боралдай сақ қорғандары" паркіне дейін және кері бағытқа қайту үшін арнайы автобус бағыттары төр нүкте арқылы жүреді, олар: "Алматы Арена" ("Алатау" ДӨТ көлік алаӊы), "Алматы-1" теміржол вокзалы (Осипенко көшесі бойымен, С.Сейфуллин көшесініӊ бұрышы), Орталық стадион (А.Байтұрсынов көшесі бойымен,Абай даӊғылы мен Сәтпаев көшесініӊ арасы) және метроныӊ "Райымбек" бекеті (Н.Назарбаев даӊғылы,Райымбек батыр даӊғылынан төмен). Жолақы құны 150 теӊге.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны