27.09.2018, 18:30 4127

Алматыда III Baikonyr Short Film Festival-діӊ жабылу салтанаты өтті

Биыл келіп түскен 195 өтініштен байқауға тек 47 жұмыс өтті. Baikonyr SFF жеӊімпаздары 13 номинация бойынша анықталды

Алматы. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында 20-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ қолдауымен III Baikonyr Short Film Festival-і болып өтті. Шараныӊ бас серіктестері - Kinopark Theatres және Kinoplexx Cinema.

Биыл келіп түскен 195 өтініштен байқауға тек 47 жұмыс өтті. Baikonyr SFF жеӊімпаздары 13 номинация бойынша анықталды:

Бас жүлде - "Қош бол, досым", Тимур Сердалин

"Үздік режиссер" - "Қош бол, досым", Тимур Сердалин

"Үздік оператор" - "Uzbek elegy", Бахтияр Исламов

"Үздік сценарий" - "Қош бол, досым", Жәнібек Мұртазин

"Үздік актер" - "Асан", Азат Жұмаділ

"Үздік актриса" - "Самал", Жанеля Аликова

"Үздік қоюшы-суретші" - "Өркеш", Иван Ардашов

"Үздік дыбыс" - "Чемпион", Мария Валуйская, Юлия Реиман, Сейіт Тасболатов

"Үздік анимациялық фильм" - "Өркеш", Иван Ардашов

"Үздік деректі фильм" - "Қасапшыныӊ бір күні", Нұрсұлтан Нұсқабеков

"Үздік тәжірибелік фильм" - "Балалардыӊ қалай өліп жатқанын бақылағанды ұнатамын", Илібек Ибдіхалық

"Қазылар алқасыныӊ арнайы жүлдесі" - "Қыстыӊ соӊы", Имір Именов

"Бродвей" таӊдауы" - "Жабайы күндер", Самғар Рахым

Жұмыстарды FIPRESCI және NETPAC мүшесі Гүлбар Толомушова, актриса Аружан Жазылбекова, продюсер әрі актриса Баян Алагөзова, режиссер әрі сценарист Адай Ибелдинов, продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбай, режиссер Баймұрат Жұманов, режиссер Катерина Суворова және дыбыс режиссері Денис Коноплев бағалады.

Baikonyr Short Film Festival аясында 71-ші Канн кинофестивалініӊ Cinefondation қысқа метр бағдарламасына қатысқан Жаннат Алшанованыӊ "Маусым соӊы" фильмі және Дәрежан Өмірбаевтіӊ биыл 30 жыл толған "Шілде" картинасы көрсетілді. Сонымен қатар, көрермендер Қырғызстан мен Өзбекстанныӊ үздік қысқаметражды жұмыстарын тамашалады.

Кинофестиваль ұйымдастырушысы - "Бродвей" кинопорталы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны