08.10.2018, 12:03 4312

Алматыда "Ингмар Бергманныӊ өнер мен сән әлеміндегі мұрасы" атты мемориалдық көрмесі ашылады

Экспозиция шебер шығармашылығыныӊ сән әлемі, музыка, театр мен биге қосқан үлесін көрсетіп таныстыратын фотоқұжаттар мен қысқа метражды фильмдерден құралған.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 11 қазанында сағ. 16.00 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстан Республикасы Швеция елшілігі және Швеция институтымен бірлесіп театр және кино саласындағы шведтік көрнекті режиссер, жазушы-сценарист, "Оскар" сыйлығыныӊ үш мәрте иегері ИНГМАР БЕРГМАНныӊ 100 жылдық мерейтойына арналған "Ингмар Бергманныӊ өнер мен сән әлеміндегі мұрасы"атты мемориалдық көрмесін ашады.

Эрнст Ингмар Бергман 1918 жылы Швецияныӊ Уппсала қаласында лютеран пасторы Эрик Бергман мен медбике Карин Бергманныӊ отбасында дүниеге келген.

Бергманныӊ театр және кино өнеріне деген қызығушылығы ерте жастан-ақ қалыптасты. Оныӊ алғашқы туындылары - өзі жасаған мультфильдерді Ингмар тоғыз жасында ағасы сыйлаған "сиқырлы шам" - проекциялық аппараттыӊ көмегімен жасады. Он екі жасынан-ақ Бергман актерлік өнердіӊ қыр-сырын тани бастады.Осы жастан бастап гимназияны бітіргенге дейін сиқырлы шамнан бөлек Ингмар өзі жасаған қуыршақ театрымен әуестеніп, ол үнемі жаӊа декорациялар мен жарық беру жүйесін дайындап, театрдыӊ жаӊа нұсқаларын құрумен болды.

Бергман 1937 жылы Стокгольм университетініӊ колледжіне түсіп, әдебиет пен өнер тарихын оқи жүріп, бар уақыты мен денін жастар клубындағы театрдыӊ қызметіне арнады.

Бергман оқуын тәмамдаған соӊ штаттағы режиссер қызметімен қатар Хельсинборг (1943-1946), Гётеборг (1946-1950), Мальмё (1952-1959), Стокгольм (1961-1976), Мюнхен (1977-1984) және Стокгольм (1984-2007) қалаларындағы театрларда директор, көркемдік жетекші, көркемдік кеӊесші қызметтерін алып жүрді.

Ингмар Бергман шығармашылығыныӊ негізгі тақырыптары - дінніӊ тоқырауы, дәстүрлі отбасыныӊ құндылықтары мен тұлға қасиеттерініӊ әлсіреуі, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынасты іздеу. Бергман өз актерларыныӊ келбетін камераға ірі қалыпта алу арқылы адамныӊ қоршаған әлем жайлы ішкі тебіреністерініӊ шындықпен беттескендегі кешкен сезімдерін жеткізді.

89 жыл өмір сүрген режиссер 170 астам театр қойылымдарыныӊ авторы атанды, 60 астам көркем және деректі фильм түсіріп, олардыӊ көбісініӊ сценарийін өзі жазды. Ингмар Бергман кинофестивальдердіӊ лауреаты атанды: "Канн" (7), "Венеция" (4), "Берлин" (2), Мар-дель-Плата (1), "Джиффони" (1); "АҚШ киносыншыларыныӊ Ұлттық кеӊесі" (3), "Нью-Йорк киносыншыларыныӊ қауымдастығы" (3), "Аргентина киносыншыларыныӊ ассоциациясы" (1), "АҚШ киносыншыларыныӊ Ұлттық қоғамы" (5), "Канзас-Сити киносыншыларыныӊ Ассоциациясы", "C?rculo de Escritores Cinematogr?ficos" (1), "Франция киносыншыларыныӊ Синдикаты". "Сезар" (1), "Бодиль" (4), "Camerimage" (1), "Давид ди Донателло" (3), "Америка режиссерларыныӊ гильдиясы", "Европа киноакадемиясыныӊ", "Алтын қоӊыз" (3), "Күміс лента" (5), "Юсси" (1), "Кинэма дзюмпо" (1), "Сант-Жорди" (1) сыйлықтарымен марапатталған.

Бергманныӊ "Седьмая печать" (1957), "Земляничная поляна" (1957), "Персона" (1966), "Шёпоты и крики" (1972), "Фанни и Александр" (1982)атты картиналары әлемдік кинотуындылар қатарына енген.

Ингмар Бергман Форе аралындағы өз үйінде тоқсанға келген шағында басқа танымал кинорежиссер Микеланджело Антонионимен бір күнде 2007 жылдыӊ 30 шілдесінде дүниеден өтті. Одан тараған тоғыз бала да негізінен мәдениет пен өнер қайраткерлері болып қалыптасты.

Экспозиция шебер шығармашылығыныӊ сән әлемі, музыка, театр мен биге қосқан үлесін көрсетіп таныстыратын фотоқұжаттар мен қысқа метражды фильмдерден құралған.

Көрме 2018 жылдыӊ 31 қазанына дейін жалғасатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны