23.04.2018, 19:42 6820

Алматыда иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудіӊ жаӊа ережелері күшіне енді

Алматыда "Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудіӊ жаӊа ережелері" күшіне енді. Құжатты бекіту туралы шешім VI сайланған Алматы қаласы мәслихатыныӊ XXVII сессиясында қабылданған болатын

Алматы. 23 сәуір. KazakhstanToday - Алматыда "Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудіӊ жаӊа ережелері" күшіне енді. Құжатты бекіту туралы шешім VI сайланған Алматы қаласы мәслихатыныӊ XXVII сессиясында қабылданған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Құжат қалада адамдар мен жануарлардыӊ үйлесімді әрі гуманистік ахуалда бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына негізделеді. Жаӊа ережеге сәйкес, кез-келген тұқымды иттерді бақыланатын ұзындығы бар қарғыбаумен серуендетуге болады, бұл орайда қажет болған жағдайда, айналадағы адамдардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қолдану қажет, деп хабарлайды Алматы қаласыныӊ ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасыныӊ баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, балаларға арналған және спорт алаӊдарында, мектепке дейінгі мекемелер және мектептердіӊ, емдеу мекемелерініӊ аумақтарында және тыйым белгілері қойылған жерлерде иттерді серуендетуге тыйым салынады. Ит иелері сонымен бірге олардыӊ нәжістерін жинап алуға арналған пакеттер немесе арнаулы құралдар ала жүруге тиіс.

Есепке алу және жоғалған жануарларды іздестіру шараларын жеӊілдету үшін Алматы аумағындағы барлық иттер мен мысықтар Біртұтас сәйкестендіру базасында тіркеледі. Қаӊғыбас жануарлардыӊ санын қадағалап отыру үшін билік иттер мен мысықтарды бақылаусыз өсіруге және олардан құтылу үшін бейберекет қаӊғытып жіберуге жол бермеуге шақырады.

Жануарларды одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда қожайындары оларды басқа адамдарға, арнаулы кәсіпорындарға немесе басқа да ұйымдарға иелікке беруге тиіс. Бұдан басқа, қала аумағында ит сайыстарын өткізуге жол берілмейді.

Сондай-ақ, ережеде иттер мен мысықтарды тасымалдау, шетелдерге алып шығу және әкелу тәртіптері, көрмелер мен бұқаралық іс-шаралар өткізу, ветеринарлық-санитариялық нормаларды сақтау және қалада тиісті түрдегі эпизоотиялық және эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету мәселелері де көрініс тапқан.

Мәселен, тұқым түріне қарамастан, үй жануарларыныӊ барлығына 3 айлық мерзімнен бастап міндетті түрде құтыру ауруына қарсы вакцинадан екпе жасатылуы міндетті. Сондай-ақ, қожайындар өз иелігіндегі жануарларды тері паразиттері мен гельминттерінен қорғау үшін тоқсанына бір реттен сирек емес профилактикалық өӊдеу жүргізіп отыруға міндеттенеді.

Адамды жарақаттаған немесе қауып алған жағдайда ит иелері жануарды ветеринарлық клиникаға жеткізуге немесе ветеринарлық дәрігерді үйге шақырып қатерлі аурулардыӊ алдын алуға әрекет жасауға тиіс.

"Жануарларды үйде тиісті түрде ұстамаған (тазалық талабы ұсталмаған), көршілердіӊ тынышын кетірген жағдайда, соныӊ ішінде шу тудырған немесе иіс-қоӊыс таратқан жағдайда жануарды тәркілеп алу немесе оны ұстауға тыйым салу туралы шешімді сот шығарады. Тұрғын үйлерде иттер мен мысықтарға арнап қонақ үйлер, питомниктер және панажайлар ұйымдастыруға жол берілмейді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ереже меншік түріне қарамастан, иттер мен мысықтардыӊ қожайындарыныӊ барлығына, заӊды және жеке тұлғаларға қатысты болады. Ережені бұзушылар ҚР қолданыстағы заӊнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеп алады.

Мекемедегілер еске салып өткендей, "Алматыда иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудіӊ жаӊа ережелері" "Үй жануарларыныӊ жағдайы жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған жол картасы" атты құжаттыӊ шеӊберінде жасалған. Құжаттыӊ жобасын жасауға Алматы қаласыныӊ ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасымен бірлесе жануарлар мен аӊдарды қорғау жөніндегі ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, кинологтар, Animal Law Kazakhstan комитеті, "Қазақстан Республикасыныӊ ветеринарлық дәрігерлерініӊ қауымдастығы" мен мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны