26.09.2018, 15:22 5294

Алматыда "Южный" саябағы бір ай ішінде қайта жасалады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жасау жұмыстары жүріп жатқан "Южный" саябағын аралап көрді. Саябақ аумағы 14,2 га аумақты алып жатқан Жароков көшесіііӊ шығысы мен Ходжанов көшесініӊ солтүстігіне қарай орналасқан.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жасау жұмыстары жүріп жатқан "Южный" саябағын аралап көрді. Саябақ аумағы 14,2 га аумақты алып жатқан Жароков көшесіііӊ шығысы мен Ходжанов көшесініӊ солтүстігіне қарай орналасқан.

Қаланыӊ Табиғи ресурстар және табиғаттты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Исет Масабаев мердігердіӊ саябақты реконструкциялауды ұзаққа созуы конкурсқа қатысқан бір компанияныӊ берген арызыныӊ салдарынан туындағанын,оныӊ үстіне тұрғындардыӊ ұсыныстары ескеріле отырып, жобаға түзетулер енгізілгенін, сараптамаға қайта жіберілгенін айтты.

Бұрындары мегаполис әкімі тұрғындардыӊ талаптарын ескере отырып жобаға қажетті өзгерістер енгізуді тапсырған болатын.

"Мұнда тұрғындардыӊ барлық топтарына: арбадағы баласын сүйреген аналарға, балдырғандарға, тыныштықты қалайтын қарт адамдарға барынша ыӊғайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Бұл көӊіл көтеретін саябақ емес, адамдар мұнда тынығуға келеді, сондықтан асфальтты алаӊды азайтып, бұрыннан бар жолдар мен сүрлеулерді жаӊартып, жайлы көлеӊкелі кеӊістік жасап, архитектуралық үлкен пішіндердіӊ орнына шағын жарық көздерін пайдаланған жөн"-, деген еді Бауыржан Байбек.

Қазіргі кезде саябақта кеспе тас төселуде, 14 км жерді суаратын су құбыры тартылуда.Келесі аптадан бастап жарық көздерініӊ 180 бағанасы орнатылады. Аудан тұрғындарыныӊ тілегі бойынша көше жиһазы, стационарлы дәретхана, иттердіӊ және өзгелердіӊ кіріп кетпеуі үшін қоршау қойылады.

"Барлық жұмыстар бір айдыӊ ішінде сапалы аяқталуы тиіс. Бұл саябаққа тек осы ауданныӊ ғана емес ,өзге ауданныӊ тұрғындары да серуендеп, демалуға келеді", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, бұрындары аудан тұрғындарыныӊ Алматы әкіміне жасаған ұсынысы негізінде "TURKUAZ GROUP OF COMPANIES" компаниясы "Нұр Отан" партиясыныӊ тұғырнамасында "Южный" саябағында тұрғын кешенін салудан өз еркімен бас тартып, саябақтыӊ солтүстік бөлігіндегі жер телімін мемлекетке қайтарған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны