18.09.2017, 16:10 4236

Алматыда Қала күні мерекеленді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматыныӊ мәдени, ғылым- білім, спорт, қаржы және іскерлік орталық екенін атап өтті. Осыныӊ барлығы мегаполисті өмір сүруге, жұмыс істеуге, демалуға жайлы мекен етуде.

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today -Алматыда Қала күні аясында жыл сайын 200 мыӊнан асатын қала тұрғындары мен қонақтары жиналатын "AlmaFest - 2017" дәстүрлі алма фестивалі өтті. Фестиваль барысында "Алматы қаласыныӊ құрметті азаматы" атағымен марапттау салтанаты өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматыныӊ мәдени, ғылым- білім, спорт, қаржы және іскерлік орталық екенін атап өтті. Осыныӊ барлығы мегаполисті өмір сүруге, жұмыс істеуге, демалуға жайлы мекен етуде.

"Алматыда туған, өсіп-өнген және осында тұратын азаматтар үшін бұл тек жанға жайлы қала ғана емес. Бұл - туған өлке, қашан да жүрегіӊніӊ төрінен ерекше орын алатын қасиетті мекен. Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында "Патриотизм туған жеріӊе деген сүйіспеншіліктен басталады" - деп атап өткен болатын. Ел Тәуелсіздігі де шартарапқа Алматыдан жарияланды, Ата Заӊымыз, мемлекеттік рәміздеріміз бен ұлттық валютамыз біздіӊ қаламызда бекітілді. Алматы мәӊгіге Тәуелсіздігіміздіӊ алтын бесігі болып қала бермек. Мегаполисте бизнес қарқынды дамып, шаһар экономикасы 100 есе артты. Мыӊдаған жұмыс орындары ашылды. Елбасы айтқандай, "Алматы - Орталық Азияныӊ інжу-маржаны", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Салтанатты шара шеӊберінде "Алматы қаласыныӊ құрметті азаматы" атағына Қазақстанныӊ мемлекеттік саяси қайраткері, елші, экономика ғылымдарыныӊ докторы, еліміздіӊ волейбол Федерациясыныӊ президенті Абықаев Нұртай Абықайұлы, Қазақ ССР Министерлер Кеӊесі төрағасыныӊ бұрынғы орынбасары Жәнібеков Шәӊгерей Жәнібекұлы, Сталинград шайқасына қатысушы, отставкадағы полковник, ақын, табиғатты сақтау қоғамыныӊ Алматы кеӊесініӊ төрағасы Гирш Леонид Юзефович ие болды.

"АЛМАFest-2017" - мегапоисте осымен алтыншы рет өтіп жатқан ауқымды мәдени- көӊілді шара. Саябақ аумағында түрлі белсенділік аймақтары: "АЛМА ART", "АЛМА BAZAR", "АЛМА ОТБАСЫ", "АЛМА MASTER", "АЛМА AUEN", "АЛМА FASHION" и "АЛМА DRIVE" жұмыс істеуде, мұнда ашық аспан астында дегустация және 100 тоннадан асатын алмаларды сату, спорттық, көркемдік алаӊдар, шеберлік сыныптары, балалар мен отбасылар үшін ойындар ұйымдастырылған. Қолөнершілердіӊ көрме аумағынан түрлі зергерлік бұйымдар мен аксессуарларды, фурнитураларды алуға болады. Айта кетерлігі, Алматы облысыныӊ төрт ауданынан алманыӊ 20-дан асатын сорттары әкелінген және оларды базардыӊ орта бағасынан 20%-ға төмен алуға болады.

Қала күні аясында "Алматы Аренада" сағат 17:00-де Евразиялық "ЕМА-2017" музыка сыйлығы өтеді, мұнда отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Кентал, Кешью, Диас Аблаев, Луина, Идемі, Динара Сұлтан, Зируза, Илішер Каримов, Рахат Лукум, Ринго және басқалары ән шырқайды. Фестиваль хэдлайнері Сосо Павлиашвили мен "Ninetty one" тобы.

Қала күні мерекесі "Астана" алаӊында сағат 21.00-де аяқталды, мұнда мерекелік отшашу болды.

Айта кетерлігі, мегаполисте Қала күні мерекесі аясында халықаралық "Star of Asia", "Кок-Тобе Опера" фестивальдері, көпмыӊдық Open Air "Gakku даусы" және басқалары өтті. Қала күніне жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері қайта жасалды. Бұрындары қайта жаӊарған "Астана" алаӊы,Наурызбай ауданыныӊ жаӊа әкімшілік- іскерлік орталығы,қаланыӊ "Open Almaty" қоғамдық қабылдау орталығы және басқалары ашылған еді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны