17.09.2018, 12:35 5568

Алматыда қала күнін мерекелеу аясында BigCityPicnic көшедегі тағам фестивалі өтуде

Almaty arena биыл мерекеніӊ ресми орын-жайы болып таӊдалды. Мереке 15-16 қыркүйек екі күнге созылды. Бүгін бас алаӊда бұған дейін дәстүрге айналып үлгерген Big city picnic ауқымды тағам фестивалі өтуде. Ол алма күніне орайластырылған. Концепциялық тұрғыда ол алма тақырыбымен байланыстырылды.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда қала күнін мерекелеу аясында BigCityPicnic көшедегі тағам фестивалі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мерекелік іс-шаралар AlmatyArena кешенініӊ алдындағы алаӊда өтуде. Арнайы жабдықталған үйлерде палау мен грильдегі шұжықтар, гамбургерлер мен хот-дог, пицца және вок кеспесін, кекс және балмұздақ, ыстық және салқын сусындар сатып алуға болады.

"Бүкіл іс-шаралар кешені Алматы қаласыныӊ күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылып отыр. Almaty arena биыл мерекеніӊ ресми орын-жайы болып таӊдалды. Мереке 15-16 қыркүйек екі күнге созылды. Бүгін бас алаӊда бұған дейін дәстүрге айналып үлгерген Big city picnic ауқымды тағам фестивалі өтуде. Ол алма күніне орайластырылған. Концепциялық тұрғыда ол алма тақырыбымен байланыстырылды. Біз алмасы бар палау, алмадан жасалған сусындар, жалпы алма брендін пайдаландық", - деді Алматы қаласы спорттық ғимараттар дирекциясыныӊ маркетинг бөлімініӊ төрайымы Нағима Мерзакирова.

Оныӊ айтуынша, тағам фестиваліне 10-нан астам мейрамхана қатысып отыр.

"Мұнымен біруақытта сахнада концерттік бағдарлама қойылуда. Аспапатық және би ұжымдарыныӊ концерті өтуде. Бұл еӊ алдымен отбасылық мереке", - деді Мерзакирова.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны