17.09.2018, 12:39 5838

Алматыда қала күніне орай "Алмабол" турнирі болып өтті

Алматыда қала күнін мерекелеу аясында Атлеттер ауылында ауқымды мереке - "Алмабол" турнирі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда қала күнін мерекелеу аясында Атлеттер ауылында ауқымды мереке - "Алмабол" турнирі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алмабол дегеніміз ойыншы ауа толтырылған үлкен шарды киіп осы күйінде доп ойнайтын ойын.

"Біз шармен футбол ойналатын бампербол ойынын қала күнін мерекелеу тақырыбы алмамен байланыстырып Алмабол деп атадық. Бұл іс-шараныӊ мақсаты адамдарды ойын-сауық арқылы спорттық өмір салтына баулу. Іс-шара интерактивті және спорттық сипатта болғаны абзал. Ойынға жасөспірім мейлі ересек болсын, әрбір ниет білдіруші тегін қатыса алады", - дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

"Бампербол - ережесіз футбол ойыны. Онымен 14-15 жастан бастап ұлдар мен қыздар ойнай алады, басты талап - олардыӊ бойыныӊ ұзындығы шарға сәйкес келуі қажет. Бұл қауіпсіз ойын. Көремен қызық пен күлкіге батса, ойыншы оӊ көӊіл-күйге бөленеді. Яғни, шар киген адам құласа да одан ләззат алады. Бұл кәдімгі футбол секілді болса да, онда аут немесе бұрыштан соғу деген болмайды. Ойыншылардыӊ мақсаты - допты қақпаға соғу, өз қақпаларын қорғау, бірақ бір-бірін оныӊ барысында итеріп жығу", - деді "Бампербол" ойынын ұйымдастырушы Дәурен Қайынбаев.

Бұған қоса алаӊныӊ жанынан балаларға арналған әткеншектер мен батуттар бар алаӊ жасақталды. Бұдан басқа да спорттық іс-шаралар өткізілді.

"Қала күнін атап өту аясында жеӊіл атлеттер ауылында Алматы қаласы мектептерініӊ, оқушылардыӊ арасында футболдан ашық чемпионат өтуде. Ол үш күнге созылады. Ертеӊ түсте марапаттау рәсімі өткізіледі. Қалыптасқан дәстүрге сай кубоктар мен медальдар табысталады",- деді Алматы қаласы спорттық ғимараттар дирекциясыныӊ маркетинг бөлімініӊ төрайымы Нағима Мерзакирова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны