29.05.2013, 12:47 2891

Алматыда кәмелетке толмаған екі бала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды

Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қыз бен бозбала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда кәмелетке толмаған екі бала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қыз бен бозбала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға орнына жеткен Медеу аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшылары 1995 жылғы Алматы қаласының тұрғыны, ер баланың және 1998 жылғы Алматы облысының тұрғыны, қыз баланың мәйіттерін тапты.

Бұл оқиға бойынша хабар 28 мамыр күні кешқұрым сағат 21.30-да Жедел басқару орталығының "102" нөміріне түсті. Ажал құшқан баланың анасы ұлының ізім-ғайым жоғалып кеткені туралы Жетісу аудандық ІІБ-ге арызданғаны анықталды.

Сот-медициналық сараптаманы өткізу үшін денелер мәйітханаға жөнелтілді. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны