27.05.2009, 19:03 3194

Алматыда қазақ тілінде білім беретін мектептер желісі 2005 жылдан бері 11 бірлікке артып, қазір 46 мектеп болды

Алматыда қазақ тілінде білім беретін мектептер желісі 2005 жылдан бері 11 бірлікке артып, қазір 46 мектеп болды

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қазақ тілінде білім беретін мектептер желісі 2005 жылдан бері 11 бірлікке артып, қазір 46 мектеп болды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық білім басқармасының төрайымы Рахат Шимашева мәслихат депутаттарының тыңдауында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақ тілінде білім беретін жаңа №148, 152, 169, 175, 176-шы мектептер ашылды. №43, 72, 107, 119, 93 аралас мектептер қазақ тілінде білім беретін мектептер болып қайта құрылды. Қазақ тілінде білім алатын оқушылар саны 3 912 адамға артты", - деді Р. Шимашева.

Сонымен бірге, оның айтуынша, қазақ тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін мейлінше тиімді оқып үйрену үшін кластар екі топқа бөлінеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қосымша 98 млн 486 мың теңге бөлінген. Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін оқуда екі топқа екі қосымша сағат бөлу қарастырылған, бұған жергілікті бюджет тағы да 96 млн 157 мың теңге бөлді.

Р. Шимашеваның айтуынша, "Алматыда демеушілердің қаржысының есебінен осымен екінші жыл қатарынан қазақ тілі мұғалімдерінің байқауы өткізілуде. Оған 28 ұстаз қатысты, олардың ішінен 10 адам финалға шығып сыйлықтар алды: әрбіреуі 100 мың теңгеден 4 көтермелеу сыйлығы, үшінші орын үшін әрбіреуі 200 мың теңгеден 2 сыйлық, екінші орын үшін - әрбіреуі 300 мың теңгеден 2 және бірінші орын үшін - әрбіреуі 500 мың теңгеден 2 сыйлық берілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны