31.08.2018, 14:23 9961

Алматыда кешікпей геоақпараттық орталық ашылады

Алматыда кешікпей геоақпараттық орталық ашылады, онда қала тұрғындары мен қонақтары Алматыдағы сәулетшілік өнерініӊ қайнар-көзімен және қала ортасыныӊ қалыптасу тарихымен таныса алады.

Алматы. 30 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда кешікпей геоақпараттық орталық ашылады, онда қала тұрғындары мен қонақтары Алматыдағы сәулетшілік өнерініӊ және қала ортасыныӊ қалыптасу тарихымен таныса алады.

Орталыққа келушілер қола ғасырдағы, орта ғасырлардағы, Верный дәуіріндегі, кеӊестік модернизм дәуіріндегі қаладағы құрылыс элементерімен танысып, Алматыдағы қала құрылысыныӊ бүгінгі күнгі ахуалын және келешегін зерделей алады.

Қазіргі заманауи Алматы - сан ондаған жылдардан бері қалыптасқан бай тарихы, көркем табиғаты және бірегей сәулет өнері бар қарқынды дамып келе жатқан мегаполис.

Ұлы Жібек жолы гүлденіп тұрған дәуірде осында Кіші Алматы, есентей және Үлкен Алматы өзендерініӊ алқабында мұнда қалалық үлгідегі елдімекендерден кейін ортағасырлық Алматы (Алмату) туындаған.

Қала өмірініӊ дамуындағы жаӊа кезеӊ Верный қаласыныӊ пайда болуымен байланысты. 19 ғасырда қалыптасқан қала салу принциптері қала құрылымын жоспарлауға негіз болды. Ал Кеӊестік модернизм дәуіріндегі 60-шы - 70-ші жылдардағы жаппай құрылыс салу қарқыны оған негізгі кескін-келбет сыйлады.

Орталық экспозицияларды рәсімдеудіӊ жаӊаша сандық технологияларымен жабдықталатын болады. Мәселен, Алматыныӊ заманауи келбетін қаланыӊ голографиялық картасы түрінде тамашалау мүмкіндіндігі пайда болмақ.

Одан әрі экпозициялық залда сәулетші-студенттерге және басқа да шығармашылық мамандықтарға зерттеулер, шығамрмашылық сабақтар, тренингтер мен дәрістер өткізуге арналған орын-жайлар берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны